ОҚЫРМАНМЕН ТІЛДЕСКЕН «ТАҢ-ШОЛПАН»

ОҚЫРМАНМЕН ТІЛДЕСКЕН «ТАҢ-ШОЛПАН»

ОҚЫРМАНМЕН  ТІЛДЕСКЕН  «ТАҢ-ШОЛПАН»
ашық дереккөзі
582

«Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналы 2000 жылдан бері жарыққа шығып жүр. Журналдың кезекті санында Фариза Оң­ғарсынова, Әбіш Кекілбаев, Мыр­зан Кенжебай, Жаңабек Шағатай, Бейбіт Қойшыбаев, Шериаздан Елеукенов сынды әдебиет майталмандарының шығармалары оқырманға жол тартты. Журналдың қазақ поэзиясының сер­ке қызы Фариза Оңғарсы­но­ваның туын­дыларынан бас­талуы­ның да өзіндік себебі бар. Ақын биыл көзі тірі болғанда 75 жасқа келер еді. Қазақ поэзия­сының көз қуанышы болған Фариза ақынның «Дауа» атты шығармалар жинағына енген бір топ өлең­дері жинақталып жария­лан­ғаны өте орынды дер едік.

Фариза Оңғарсынованың поэ­зиясы Әбіш Кекілбаевтың по­весімен сәтті үндестік тауып­ты. Абыл күйшінің әруағына ескерткіш ретінде жазылған «Күй» повесі «Таң-Шолпан» журналы ар­қы­лы оқырманмен тағы бір мәрте қауышты. Журналист, ақын Мырзан Кенжебайдың да бірнеше өлеңдері топтас­ты­рылып беріліп отыр. Әдеби жур­налдың проза бө­лімінде жазушы, журналист Жаңабек Шағатайдың «Сағындық сені, көке!» деп аталатын мини-романы жарияланыпты. «Тұлғалар» ай­дарының бұл жолғы кейіп­кері – қазақ балуаны Балуан Шолақ. Балуан Шолақтың 150 жыл толуы­на орай әзірленген жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Аңыз ғұмыр» атты мате­риа­­лынан оқырмандар бір­шама тың деректер біле алады. «Өлең өлкесі» бөлімінде ақын Ұлықбек Есдәу­­леттің шығармалары тал­данған. Ақынның шы­ғарма­шылығын сарапқа салушы – филология ғылым­дарының докторы, профес­сор Шериаздан Елеукенов. Журналдың жаңа саны Элеонора Хуммельдің шығар­­маларымен қорытын­ды­ланған.

Әсел ӘНУАРБЕК

Серіктес жаңалықтары