Ерлан Қосаевты Ресей құқық органдары қолға түсірді

Ерлан Қосаевты Ресей құқық органдары қолға түсірді

Ерлан Қосаевты Ресей құқық органдары қолға түсірді
ашық дереккөзі
204

 Қазақстан бас прокуратурасының 21
қыркүйектегі хабарламасы бойынша Қазақстан
құқық органдары қызметкерлері Қазақстан азаматы Ерлан Қосаевты Ресейден Астана
қаласына жеткізіп, уақытша ұстау абақтысына қамады. Ерлан Қосаевты қылмыстық
жауапкершілікке тарту үшін оны елге жіберу туралы Астананың сұрауын Ресей бас
прокуратурасы қанағаттандырған. Қазақстан тергеу орындары Қосаевқа «2005
жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет
етіп, «БТА Банк» акционерлік қоғамының ақшалай қаражатын ірі мөлшерде ұрлаған
сондай-ақ кейіннен оларды заңдастырған» деген айыптар тағып отыр. Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасы сұрауы бойынша Ресей Федерация Бас прокуратурасы
өзгенің мүлкін иеленгенді және өзіне тиесілі емес қаржыны заңдастырғаны үшін
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176 б.3 т. “а”, “б2,
193 б.3 т. “б”, “в” қылмыстық жауапкершілікке тартылған
Ерлан Қосаев ісі қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта Қосаев іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бірнеше жыл бойы Қазақстан тарапынан мемлекетаралық іздеуде болған Ерлан
Қосаевты Ресей құқық органдары Брянск қаласында ұстаған. Қазақстан «БТА Банк»
ісі бойынша негізгі күдікті санайтын бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов өткен жылдың
жазынан бері Францияда қамауда отыр. Астана «қаржылық алаяқтық жасап, 6
миллиард доллар жымқырған» деп айыпталған Әблязовті Ресей және Украина сұратып
отырғандығы турасында ақпарат бар. Әблязов өзіне тағылған айыптардың «саяси
астары бар» деп мойындамай келген еді.

Серіктес жаңалықтары