ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР БОЙ КӨТЕРМЕК

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР БОЙ КӨТЕРМЕК

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР БОЙ КӨТЕРМЕК
ашық дереккөзі
313

Қызылордада халыққа қызмет көрсету нысандары орналасатын әкімшілік ғимараты бой көтермек. Бұл туралы сәулет және қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жаңа ғимараттың жобасы туралы «МТС Компани ЛТД» ЖШС бас сәулетшісі Дәурен Ілиясов мәлімдеді.
Заманауи үлгіде өзіндік кескін-келбетімен бой түзейтін бұл нысан облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев көше­сінде орналасқан халыққа қыз­мет көрсету орталығы жанынан са­лынбақ. Оған белгіленген аумақтың кө­лемі 32 мың шаршы метрден асады. Ал ғимарат 15 қабаттан тұрады. Мұның бірінші және үшінші қабат­тары аралығында ойын-сауық орта­лығы, сауда орындары, мейрамхана, екі кинотеатр, балаларға арналған аттракциондар орналасып, уақыт сұра­нысына сай қызмет жасайды. Ал төртінші қабаттан бастап кеңсе бөл­ме­л­ері орын теппек.
Бизнес және сауда орталығы аума­ғын­да жабық және ашық паркингтер, саябақ аймағы автотұрақтар, демалыс алаңдары болады. Жобаның бас сәулетшісі, ғимарат классикалық стиль­де салынып, сыртқы келбеті мәрмәр­мен, ірге тасы гранит плит­ка­лар­мен қапталады деп отыр. Ең бас­ты­сы, ғимараттың сырт келбеті ұлт­тық нышандармен өрнектелмек.
Кеңес отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұның қажетті нысан екенін атап өтті. Ғимарат орналасатын аумақтың бір жағында дария ағып жатыр, оған салынатын жаңа көпір де қашық емес. Сондықтан жоба иелері нысанға жақын орналасқан дария жағалауын қоса көркейту қажеттігін де ұмытпағаны абзал. Бұл ретте жаяу жүргіншілерге,велосипед тебушілерге және осында тынығып-дема­лушыларға арналған алаңдар болуы тиіс. Ал төселген көгалдарды там­шы­латып суару әдісімен нәрлен­діріп отырған жөн.
Жоба барысында осындай қажет­ті­ліктерге мұқият зер салу керектігін ес­керт­кен аймақ басшысы эскиздік жо­баны мақұлдауды ұсынды. Әйтсе де, бұл үш жыл ішінде жүзеге асырылмайтын болса, бұл аумақ қайта алынып, мемлекет қарауына берілетінін қатаң ескертті.
Сондай-ақ кеңес қарауына облыс­тың елді мекендерінде салынатын бірнеше білім ошақтарының жобасы ұсынылды. Олардың екеуі 140 орындық мектептер, Қазалы ауда­нын­дағы Бірлік ауылында және Қармақшы ауданындағы Қуаңдария ауылында, салу көзделген. Ал 200 орындық мектеп Жаңақорған ауданындағы Қожамберді аулында, 300 орындық білім ошағы Шиелі ауданындағы Ә.Тәжібаев ауылында бой көтермек. Сәулетші Ғалымжан Әлиевтің айтуынша, жобалар толықтай облыстық құрылыс басқармасы тарапынан берілген техникалық тапсырмаларға сәйкес келеді. Аталған мектептерде оқу сыныптары, дене шынықтыру алаңы мен жабық зал, асхана, мәжіліс залы, алғашқы әскери дайындық және басқа да қажетті кабинеттер, оку-әдістемелік алаңы, демалыс орындары шаруашылық алаңдары орналасқан. Мұнда ғимараттардың сырты жаңадан шығып жатқан сапалы бояумен сырланып, аулаларды абаттандырудың да жай-жапсары ойластырылған.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халық­аралық автокөлік дәлізінің бо­йын­да салынуы жоспарланған кешен­дер жобасы да кеңес талқы­сы­на түсті. Оның алғашқысы Жаңа­қор­ған ауданының аумағындағы 198-шақырымда орналаспақ. Жобаны таныс­тырған «Казтуризм» ЖШС өкілі Серік Ералиев оның «А» категориясына жататын айтып өтті. Мұнда 100 орынға арналған қонақ үй, туристік бөлім, сауна, бильярд залы, 100 орындық мейрамхана, дүкен, сауда қатарлары, жүк және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ, автокөлік шеберханасы, демалу аймағы орын алмақ. Авто­тұрақтарды күн сәулесімен қуат­та­натын қондырғылармен жабдықтау ойластырылып отыр. Жалпы құны 720 млн. теңгелік құрылысты 2016 жылы аяқтау жоспарланған. Жоба толығымен іске қосылған жағдайда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Ал «С» категориясындағы екі жоба туралы «Нұрдәулет-М» ЖК өкілі Қонысбек Жетпісбаев пен «К.Жүнісова» компаниясының өкілі Ерұлан Мыңбаевтар мәлімдеме жасады. Оның біріншісін Арал, екіншісін Шиелі ау­дан­дары аумағында орналастыру межеленген. Бұларда дәмхана, авто­тұ­рақтар, автономды қазандықтар, эстакадалар, май құю бекеттері болады. Олардың әрқайсысында кемінде 15 жұмыс орны ашылмақ.
Аймақ басшысы атап өткендей, соңғы қаралған үш жоба ең бас­ты күре жол бойынан салынатын бол­ған­дықтан олардың қызмет көрсету қарымы халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Өз кезегінде кәсіпкерлер қайсыбір кешен аумағын болмасын келісті түрде абаттандыруды алғашқы кезекке қойғаны жөн. Сонымен қатар, құрылысты созуға болмайды. Әсіресе, Шиелі ауданындағы Оқшы ата кесенесінің жанынан салынатын кешен құрылысы қысқа мерзімде салынып бітуі керек. Өйткені киелі жерге еліміздің түкпір-түкпірінен келушілер көп. Ал мұны, яғни құрылысты жеделдетуді желеу етіп, сапаны ұмытуға тағы болмайды.

Қуат Шарабидинов


Қызылорда облысы

Серіктес жаңалықтары