Журналистік этика қағидалары талқыланды

Журналистік этика қағидалары талқыланды

Журналистік этика қағидалары талқыланды
ашық дереккөзі
185

Қазанның 17-сі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен  «Журналистік этика» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға облыстық және
аудан, қалалық БАҚ өкілдері, жас журналистер қатысты. 
Журналистер этикасы
Кодексін қабылдау маңыздылығын Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» тақырыбымен жарияланған мақаласында
ерекше атап өткен болатын.

d8e580ca22a85bcad7e336363cdcf009.jpg

a7e03f243d9456d4075b671abcdcc886.jpg

e4c34e575149adcc04d52e3f843a8324.jpg

Семинардың мақсаты –
журналистердің біліктілігін арттыру, 
кәсіби деңгейде ақпарат алуы мен таратуына жол ашу болып табылады.  Осыған байланысты, облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы Берік Уәли «Қазақстан Республикасы журналисінің этикалық кодексі»
бойынша кіріспе сөз сөйлеп, семинарды жүргізіп отырды. 
Семинарға арнайы Алматы
қаласынан келген  белгілі журналист, ҚР
Президенті сыйлығының лауреаты
«Алаш айнасы» интернет
газетінің бас редакторы Серік Жанболат пен «Мінбер» журналистерді қолдау
орталығы қоғамдық қорының жетекшісі Есенкүл Кәпқызы  арнайы лекция оқыды.

Алдағы уақытта облыс
журналистерімен «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев,
«Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова, «Астана» телеарнасының
тележүргізушісі Жайна Сламбек және «Абай» ақпараттық порталының бас редакторы
Дәурен Қуат өз тәжірибелерімен бөліспекші. 

Серіктес жаңалықтары