Оқу жылына дайындықтың жоқтығы білініп жатыр

Оқу жылына дайындықтың жоқтығы білініп жатыр

Оқу жылына дайындықтың жоқтығы білініп жатыр
ашық дереккөзі
196

Білім өмір шырағына
айналуы үшін, кітап оқу құралы сақадай сай болуы керек. Біздің елде оқулық
мәселесі бәз біреулердің қалтасын қалыңдатып жатса, оған аузын астан айырған
кітап құнына жұрт наразылық білдіруде. 

Бұл турасында мәжіліс депутаттары Білім министріне шүйлігіп,
оның қоластындағы ведомствоны «ата-аналардың қалтасына түсіп, мол табыс тауып
отыр» деп айыптады. Оқулықтарды басып шығаруға
бюджеттен 8,500 млрд. теңге бөлінгенімен, мектептерде әлі күнге дейін кітап
жеткіліксіз. Сондықтан білім және ғылым министрлігі дереу бұл мәселенің шешімін
табуы тиіс. Бүгін депутат Майра Айсина мәжілістің жалпы отырысында осындай
сауалын үкімет басшысына жолдады. Айтуынша, қазір осы мәселеге қатысты халықтан
көп шағым түсіп жатыр екен. 

Депутат оқулықтың жетіспеушілігінен базарларда сол
оқулықтардың көшірмелері пайда болғанын айтты. Олардың бағасы тұпнұсқамен
салыстырғанда біршама төмен. «Алайда сапасы сын көтермейді», – дейді.
Естеріңізде болса, біз кеше астаналық оқушылардың да көрнекілік құралдарға әлі
де қол жеткізе алмай жүргенін айтқан болатынбыз. Кітап сататын дүкендерде
ұзынсонар кезек. Ал ата-аналар мен баспа үйінің өкілдері «бұл мәселе
ұстаздардың тізімді ертерек бермеуінен туындап отыр», – дейді. Министрлік
болса, жағдайдың ушығуын жергілікті әкімдіктерден көріп отыр.
Тіпті бұған қатысты Аслан Сәрінжіповтың қарамағындағылардың қолдан
ұйымдастырған «жоқшылық» деген де пікірлер айтылды. Өйткені, шенеуніктер
қазынаның қыруар қаржысына жыл сайын жаңа оқулық жаздыртады. Бірақ биылғы
кітапты сан сылтаумен келесі жылы жарамсыз етіп тастайды. Сол арқылы мол
табысқа кенеліп  жүргендер бар екен.

 Оқу қарсаңында Астаналық оқушылар мектеп
формасын толық ала алмай жүр. Жаңа оқу
жылы басталса да, елордалық оқушылардың көпшілігі оған дайын болмай шықты. Себебі,
олар тиісті мектеп формасымен толық қамтылмаған. Ата-аналар әлі күнге сенделіп
жүр. Ал тапсырыс берілген киімнің бәрі Түркияда тігілетіндіктен, ол уақытында
жеткізілмей жатыр екен. Астанадағы
17 мектептің оқушысы мектеп формасын осы жерден алуы тиіс. Ал тапсырысты
Түркиядан жеткізіп берумен тек бір ғана компания айналысуда. Алайда, шілде
айында әкелінуі керек болған формалар биыл тамыздың соңында ғана келіпті. «Оның
өзінде, киімнің бәрі толық емес, әрі мөлшерлері де сәйкес келмейді», – дейді
ашуға мінген ата-аналар.

 Еліміздің Атырау өңірінде де осы мәселе орын алған. Атыраулық ата-аналар да оқулық іздеп
сабылуда. Осындағы Салық Зиманов атындағы кітап үйінің алды 1 қыркүйектен бері
ұзын-сонар кезек. Өйткені бағасы арзандау оқулықтардың көбі осында сатылады.
Әрбір кітап 700 бен 1000 теңге аралығында. Мұнда, әсіресе, 1-ші мен
3-ші сыныптарға арналған оқулықтар түгелімен, ал жоғары сыныптарға арналған
ағылшын мен математика оқулықтары жетіспейді. Атырау қалалық білім бөлімі
басшыларының сөздеріне қарағанда, биыл кітап сатып алу үшін қазынадан 52 миллион
теңгедей бөлініпті. Бірақ, бұл аздық етіп отыр екен. Себебі, биыл Атырауда 1-ші
сыныпқа барған балалар саны жылдағыдан көп.

  Биылғы оқу жылының басы қым-қуыт
жанталаспен басталды. Келесі оқу жылы Білім және ғылым министрлігі осындай
мәселелердің орын алмауы үшін ертерек қамданады деген үміттеміз.


Серіктес жаңалықтары