ҚАНАҒАТ ҚАНАТ БІТІРЕР

ҚАНАҒАТ ҚАНАТ БІТІРЕР

ҚАНАҒАТ ҚАНАТ БІТІРЕР
ашық дереккөзі
258

«Эйр Астана» Қазақ­ста­нның жетекші әуе ком­па­ниясы. 2014 жылдың екін­ші тоқсанында 26,3 млн. АҚШ долларына опера­ция­лық пайда және 16,5 млн. АҚШ долларына тең таза пайда көрді. Бұл өткен жыл­дың осы кезеңімен салыс­тыр­ғанда 24% және 7% тиісінше жоғары. Есептік кезеңде әуе компаниясы 939 мың адамды тасыды және кіріс 230 млн. АҚШ долларын құрады. Осы жылы әуе тасымалдаушының флоты 3 Airbus А320 және 1 Boeing 767 жаңа әуе кемесімен толықты.

«Эйр Астана» компаниясының пре­зиденті Питер Фостер: «Девальвациядан кейін компанияның экономикалық көрсеткіштері біздің болжамымыздан тезі­рек қалпына келді. Авиарынокторға жер­гілікті валютаның және саяси аспек­ті­лердің ықпалы болжағаннан елеулі бол­мады және қазір жағдай тұрақталып келеді. Өндірістік шығыстарды 6 пайыз қысқартып, үшінші тоқсанда көр­сеткіштер жақсарады деп үміттенеміз және теңгенің құнсыздануынан есеп­темеде көрсетілген 48 млн. АҚШ дол­ларына залалға қарамастан ағымдағы жылды да пайдамен аяқтауды жоспарлап отыр­мыз. Біз инвестициялық жобаларды және жоспарға сәйкес ұшақтарды алу бойынша бағдарламаларды жалғас­тырмақпыз».

Шынар СӘМЕТОВА

Серіктес жаңалықтары