Мүслім Өмірияевтің алғашқы сот отырысы өтті

Мүслім Өмірияевтің алғашқы сот отырысы өтті

Мүслім Өмірияевтің алғашқы сот отырысы өтті
ашық дереккөзі
334

  «Аса ірі
көлемде пара алды» деп айыпталған ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы
орынбасары Мүслім Өмірияевке қатысты алғашқы сот отырысы өтті. 

 Айта кетейік, Мүслім Өмірияев
өткен жылдың соңында өзінің жеке пәтерінде пара алып жатқан жерінде қаржы
полицейлерінің қолына түскен болатын. Алайда, экс вице-министр өзіне тағылған
айыпты мойындамай отыр. Мүслім Өмірияевтің құқығын қорғаушылар қатарында оның
ағасы Данияр Өмірияев те бар. Сотта Мүслім Өмірияевке мемлекеттік сатып
алуларға қатысқан компания басшысынан алғашында 6 млн. теңге, кейін 100 мың АҚШ
доллары көлемінде пара алды деген айып тағылды. Өмірияев өзінің қызметін
пайдаланып, мемлекеттік сатып алуларға қатысқан өзге компаниялардың
ветеринарлық препараттарын жарамсыз деп таныған. Сол арқылы өзі қорғап отырған
компания басшысынан мемлекеттік сатып алудан тсүкен пайданың жартысын алып
отырған. Бірақ, айыпталушы мұның ешқайсысына да келіспеді.

Ауыл
шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты алғашқы сот отырысына
куәгерлер қатыспады. Сонымен қатар, айыпталушы сот алдында жауап беруге әлі де
дайын емес тәрізді. Ал келесі сот отырысы 4 қыркүйекке белгіленді.

Серіктес жаңалықтары