Оймақтай ой: Өзіміз кінәліміз
Оймақтай ой: Өзіміз кінәліміз
Путин бірдеңе айтыпты деп
несіне даурығып жатырмыз. Бәрі өзімізден. Қазақ мемлекеті болғаны жайлы бір
жетіскен кино түсіре алдық па? Біз Жошының Ақ Ордасы, Жәнібек пен Керейдің
хандығы, Абылайдың ақ туының астына жиналған Үш жүз жайлы, Лениннің өзінің есін
шығарған Алаш Орда үкіметі жайлы, Тұрар Рысқұлов басқарған Түркістан мемлекеті
туралы ештеңе жасай алмадық. Қазақ мемлекетінiң шекарасын белгілеу үшін Кремль қожайындарымен алысқан
Алаш арыстары жайлы бірдеңе жасай алдық па? Шынымен де ешқашан мемлекеті
болмаған халық сияқты тарихта аты өшкен жоңғармен әлі соғысып жүрміз. Тағы да
айтамын, ақшаны аямай тамаша тарихи фильмдерді қаптатып шығару керек! Сосын
Мәскеуде прокатқа шығарып, Ресейдегі айтқыштарға көрсету қажет! Кино- қазіргі
идеология! Осыны ұмытпайық!