Мәулен Әшімбаев Путин мәлімдемесіне наразылық танытты
Мәулен Әшімбаев Путин мәлімдемесіне наразылық танытты
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің
халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік істері бойынша комитет төрағасы
Мәулен Әшімбаев Путиннің қазақ мемлекеттігі туралы мәлімдемесіне өз наразылығын
білдірді.
«Меніңше,
Қазақстан аумағында мемлекет болмады деу – қате. Бәлкім бұл Ресей мемлекеті
басшысының мәлімдемесінен бөлініп қалған мәтін болар немесе аяқастынан айтылған
ой болар, меніңше, дайындалмаған мәтін. Алайда, Қазақстан аумағында бұрын-соңды
мемлекет болмады деу – қате. Біз біздің аумақтағы мемлекеттіліктің тарихы
жүздеген жылдарға тартатынын білеміз. Біздің мемлекетттіліктің тамыры біздің
территорияда өмір сүрген Ұлы Түркі қағанатынан бастау алады. Әрі қарай біз
Алтын орда хандығының бір бөлшегі болдық. Алтын ордадан кейін – қазақ хандықтары
бой түзеді. Бұны барлығы – Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасу
кезеңдері. Сол себепті де, Қазақстан аумағында мемлекеттілік болмады дегенмен
келісе қою қиын. Меніңше, біздің мемлекеттіліктің тамыры тереңде. Бүгінгі
біздің тәуелсіздігіміз осы мемлекеттіліктің негізінде бой көтеріп отыр», – деді ол Елбасы қатысқан Парламент
палаталарының бірлескен отырысында.