«БЕЙБІТ МИССИЯ-2014»: ҚОРЫТЫНДЫ ДАЙЫНДЫҚ

«БЕЙБІТ МИССИЯ-2014»: ҚОРЫТЫНДЫ ДАЙЫНДЫҚ

«БЕЙБІТ МИССИЯ-2014»: ҚОРЫТЫНДЫ ДАЙЫНДЫҚ
ашық дереккөзі
153

Бүгін «Чжужихэ» полигонында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің «Бейбіт миссия-2014» антитеррорлық бірлескен оқу-жаттығулары шеңберінде әскери бөлімшелердің қорытынды дайындықтары өткізілді.

Бірлескен әскери топтың мото­ат­­қыштары, танктер мен артил­ле­риялық бөлімшелері нақты бел­гіленген уақытта шартты түрдегі қар­сыласқа оқ жаудыру үшін өздері­нің жауынгерлік позицияларына қарай аттанды.

ШЫҰ қатысушы мемлекеттер Қазақстан, Қытай және Ресей әскери-әуе күштерінің бөлімшелері әуе шабуылын қамтамасыз ету тапсырмаларын орындады.

Қазақстандық ұшқыштар, Тал­дықорған авиациялық базасының ко­мандирі подполковник Ерлан­ Науанов жетекшілік ететін авиация­лық бу­ын жаттығудың мәні бойынша ҚХР мен РФ авиациясымен бір­лесіп, шартты түрдегі жаудың артил­лериялық позицияларына шабуыл жасады.

Қазақстан әскери әуе күштерінің С-295 ұшақтарынан парашютпен десант түсірілді. Оны майор Сабыр Ермекбаевтың басшылығымен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері әскери қызметшілері жүзеге асырды.

Тапсырманы орындау үшін десант­шылар 800 метр биіктіктен то­лық жабдықтарымен парашютпен секірді.

Тактикалық эпизод бойынша «Елді ме­кендегі заңсыз әскери құрылымды қоршап алып, жою» қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшенің еншісіне тиді. Майор Константин Пискунов басшылық ететін құрылым шартты түрдегі жауды жойып жіберуді табысты орындады.

Оқу-жаттығу барысында дайын­дық­тар күнделікті жүргізілді, әр күн сайын дайындық сабақтары күшейіп, оқ дәрілерді қолдану да арттырылды. Бү­гінгі дайындық кезінде оқ-дәрілер ш­ы­ғыны 100 пайызды құрады.

– Бірлескен әскерлер тобы жақ­сы нақты әрі қатесіз әрекет ете­тін дайындалған құрылымға айналды. Әрбір дайындық сайын бөлімшелердің өзара іс-қимылы жетілдіріле түсуде,–деп атап өтті Аэроұтқыр әскерлері қолбас­шысының орынбасары полковник Рус­лан Мұздыбаев.

Әскери бөлімшелердің қоры­тын­ды жаттығулары 29 тамыз күні өткізілетін шешуші кезең ал­дындағы дайындық болып саналады.

«Бейбіт миссия-2014» жатты­ғуы­ның шешуші кезеңі күні әуе шеруі өткізіледі. Шеруді қазақстандық Су-27 жойғыш ұшағының авиациялық буыны ашатын болады.

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары