Құрманғазыдан басқасы құрып қалды ма?

Құрманғазыдан басқасы құрып қалды ма?

Құрманғазыдан басқасы құрып қалды ма?
ашық дереккөзі
240

 Ақыры қыз текелерді жарнамалайды екен, оған Құрманғазыдан басқалар құрып қалды ма? Гейлер бірін-бірі түсірсін суретке. Оларға қой деп жатқан кім бар? Тұтас бір ұлттың ұлттық брендіне айналған тұлғасын қорлағандардың көздегені не сонда?!

 Әлеуметтік желіге бас сұға қалсаң қорланып,намыстары тапталып жатқан қазақ… сотталып жатқан қазақ… «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» дегендей бүгінгі даудың басы – көгілдірлер қауымдасығының айуани әрекеттері болып отыр.
Алматы қаласындағы күйші бабамыз Құрманғазы мен орыстың ақыны А.С.Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан «Студия 69» деп аталатын гей (көгілдірлер) клубынның жасаған жарнамалық баннері қазақ елінің намысын таптады.
Жарнаманың мазмұны адам шошытарлық. Қазақтың біртуар күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы мен орыстың классик ақыны А.С.Пушкинді сүйістіріп өздерінің қауымдастықтарын жарнамалау мақсатында салынған деседі…

 Дүйім жұрттың айтуынша бұл сурет Қырғыз елінде өткен сыртқы жарнамалық сурет байқауында үшінші орынды иелеген көрінеді…
Ашынарлығы сол жарнаманы Қазақстандық «HavasWorldwideKazakhstan» дизайн студиясы еш қарсылықсыз шығарып отыр. Әлде ол студияның да осы жарнамаға қатысы болғаны ма?!…
Және де осы жарнамаларын жариялап қана қоймай, бұл сорақылықтың «авторлары өз еңбектерімен» мақтанатын көрінеді…
Кеудесіндегі жүрегі қазағым деп соққан намысшыл Алаш жұрты бұл бассыздыққа бейжай қарап отыра алмас еді 

… Күй атасы Құрманғазыны ғана емес бұл әрекетпен барша қазақ халқын қорлап отырған жетесіздер жазықсыз қалмақ па?…  

 Құрманғазы мен Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан жоғарыда аталған  клубтың алдына өнер адамдары мен бірқатар БАҚ өкілдері жиналып бас көтерді. Олар жарнаманы жариялаудағы мақсатын біліп, артында кімнің тұрғанын анықтап, құзырлы органдарға шағымданып тиісті жазасын алсын деген ұран тастады.
Алайда клубтан бір де бір жан төбе көрсете қоймады.
Бүгінгі мәселеге қатысты наразылық танытып, жан айқайларын өнер адамдары былай жеткізді…

Сәкен Майғазиев,әнші:

“Шын мәнінде өте жүрек ауыратын жағдай. Біріншіден, күй атасы қазақтың біртуары Құрманғазы бабамыздың аруағын қорлауы және орыстың классигі А.С. Пушкинді қорлауы барып тұрған опасыздық.Оларды енді екі аяқты мал деп айтсам артық айттым деп ойламаймын.Екеуін сүйістіріп қойған дизайнерді тасатық жасап өлтірсе де артық болмайтын еді.Ол шариғат бойынша да өте дұрыс емес.Осындай оңбағандардың кесірінен бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы, болашағынан үлкен үміт күтіп , сеніп отырған мемлекетіміздің болашағына балта шабу деп деп айтсақ болады.Неге десеңіз, қасиетті Құран Кәрімде кемшілік атаулыдан пәк Алла Тағала ондай оңбағандарды жазалаған. Ол туралы сүрелер де, аяттар да бар.Осындай айуандықты көріп өскен ұрпағымыз болашақта қандай тәрбие алады. Сол себепті бұндай жынойнақтардың тамырын кесіп тастау керек.Қазақстанның азаматы ретінде өз наразылығымды білдіріп, бейбіт шеруге келдім”. 

Бақыт Тушаев,актер:

“Біріншіден, сүйекті қорлау деген нәрсе қоғамда қарқын алып бара жатыр. Екіншіден,осындай нәрселерді өнерде жүрген адамдар қолдайтын болса, оны халық арасында өзіне жасап жатқан пиар деп қабылдайды халық. Ол жерде ешқандайда пиар емес біз өмір сүріп отырған қоғамның азаматы ретінде мұндай жайттарға бей-жай қарай алмайтындығымыз. Бұл дегеніңіз барып тұрған сорақылық. Тек қана қазақ ұлтының намысы тапталып тұрған жоқ, бұл жерде орыс халқының классик ақыны Пушкин де бар ғой. Және осы жайтқа правокация немесе оппозиция деп қарамау керек. Кеудесінде намысы бар әр азаматтың өзіндік ұстанымы, үн қосуымыз керекпіз. Сондай-ақ, осындай сорақылық екінші қайта орын алмайтындай етіп етіп қатаң түрде жазалауымыз керек”.

 Мақсат, «Алашұлы» тобының әншісі:

 «Голубойлар» үшін бұл жерді жарнамалаудың қажеті жоқ, олар онсыз да біледі. Голубой еместерге тіптен қажеті жоқ.
Қастерлі қазақ күйінің атасы Құрманғазыдай данамызды осылай қорлау барып тұрған бассыздық . Суретті салған дизайнер өзінше бір «идея ойлап таптым» деп мақтанатын көрінеді. Бұл жерде ешқандайда керемет идея көріп тұрғанымыз жоқ, керісінше қазақ деген қасиетті халқымыздың түбіне жетуді көздеп, масқаралау деп ойлаймын. Мемлекетіміздің Конституциялық заңдарының арнайы баптары бар. Ұлтымыздың намысына тиіп қоғамда қандайда да бір келеңсіздіктер тудыратын болса, және ұрпақтарының рұқсатынсыз Бабалардың суретін жарнамалағаны үшін жауапқа тартатын заңдары бар. Қазіргі таңда сол мәселемен заңды түрде айналысып жатқан жігіттер де бар. Солар айналысып жатыр екен деп біз қол аяғымызды көтеріп жатқанымыз азаматтыққа жатпайды. Түптің түбінде бәрінің сұраушысы бар Құдайға шүкір! Бәріміз де Құрманғазының ұрпақтарымыз. Біздің сұрайтынымыз, тіпті суреттен басқа да бұндай клубтардың, шайтан ордасының Алматыдай әсем қаламыздың ортасында орналасуға құқықтары жоқ. Жоғарғы жақтағылар осы мәселені ескере отырып, шешіп тиісті жазаларын берсе екен дейміз. 

Саят Медеуов,әнші: 

“Осы суретті жасап отырған, бұл тірлікті бастап отырған адам өзінің жазасыз болатынын біліп отыр. Ештеңеден қорқып отырған жоқ. Ертең оған ешкім ештеңе дей алмайды, себебі оның жоғарғы жақта сеніп отырған «көкесі» бар. Сондықтан осыны басқарып отырған адамды тауып алып, сол адамнан сұралуы тиіс мәселенің мән жайы. Және ол адам жай адам емес, қолында билігі бар адамның тірлігі деп ойлаймын. Бұл жерде Құрманғазы атамызды ғана ойлап келіп отырған жоқпыз, Пушкинді де ел сыйлаған адам. Екеуіне істеп отырған қорлық. Бұл  екі ұлттың арасына от салып арандату мақсатында да жасалып отырған дүние. Қанша демократиялы мемлекет болсақ та біз мұндай бассыздыққа жол бермеуіміз керек. Демократиялы мемлекет екен деп еркіне жіберсек ойларына келгенін істеп отанымызды ойрандайды бұндайлар. Алдын алуымыз керек, ондайлардың тамыры жойылуы тиіс түптеп келгенде. 

 Өз ойларын осылай жеткізген ел ағалары: «Егер бір апта уақыттың ішінде осындай жынойнақтың ошақтары өз жұмыстарын тоқтатпаса, халық болып жиналып қажетті шаралар қолданамыз, керек болса өртеп жіберуге де бармыз» деган талаптарын жеткізді.
Кейінгі уақытта қоғамда қазақтың намысын таптап, рухын түсіретін оқиғалар белең алып барады… Осының бәрін ұйымдастырып отырған кім, және одан ұтары не?!… – деген сауалдар әркімнің санасында сайрап тұратыны айдан анық.
Расымен де тірілерімізді түрткілеуін қойып, сүйектері әлдеқашан шіріп кеткен бабаларымыздың аруақтарын қорлағандары жаныңды ауыртады әрине.
Бүгінде Құрманғазы бабамыздың тікелей ұрпақтары желіккен жетесіздерді сотқа беріп, моралдық өтемақы талап етуде. Ол өтемақыны қоғамдағы мұқтаж жандарға қайырымдылық үшін жұмсамақ көрінеді.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты жұмыстар жүргізіліп, қатаң тексерілуде.
Ұлтымыздың, халқымыздың намысына тиіп, арын таптағысы келгендер тиісті жазасын алып әділ шешім шығарар деген үмітімізді үзбесе екен… Алла ауыз біршілігімізден айырмасын! 

Серіктес жаңалықтары