"Үсенов сияқтылар" ұсталмайынша

"Үсенов сияқтылар" ұсталмайынша

"Үсенов сияқтылар" ұсталмайынша
ашық дереккөзі
205

Қала тұрғындарының бірі Мақсат Үсеновтің тағы темір тұлпарды ерттеп мініп, қала көшелерінде ойнақтатып жүргенін суретке түсіріп алыпты.  

Осыдан бірнеше ай бұрын ғана бес адамның обалына қалып,
бір адамның ажалы болған көлік жүргізушісі құрықталмақ тұрмақ, талтаңдай басып,
рульді қайта ұстапты.

Адамға ажал құштырған бұл
оқиғадан соң Үсеновті екі жылға көлік жүргізу құқынан айырған еді. Алайда заңды
да, халықты да, адамгершілікті де аяққа басқан Үсенов көлік жүргізу
куәлігінсіз-ақ темір тұлпар мініп, заңды белшесінен басып жүр. 24 жастағы
жігіттің  жазадан жеңіл құтылғаны  қоғамның наразылығын тудырып отыр.
Cебебі алғашында қамауға алынғанымен  кейін тараптар “келісімге
келді”  деген желеумен Мақсат Үсенов бостандыққа жіберілген. Бұған
ызаланаған азаматтар   Жоғары соттан істі қайта қарауды  сұрап
ғаламторда үндеу жариялады. Шағымға  22 мың  адаммен бірге марқұм
жігіттің анасы да қол қойыпты. Жантүршігерлік апатқа кінәлі жігітті қатал
жазалауды депутаттар да талап еткен болатын.

  Жол
жүру ережесін тура бұрынғысындай пысқырмайды да. Сол үшін оған 18 мың 520 теңгеге
айыппұл салыпты. Айыппұлы несі, оның алдағы бірнеше жылда көлік жүргізуге құқы
жоқ емес пе? Алматы қалалық ішкі істер департаменті мамандары Мақсат Үсеновты
сөзге тартқанда ол “Мерседес” көлігін расымен де жүргізгенін
мойындаған. Алайда, бұл әрекетке ол танысының өтінішінен кейін барғандығын
айтып ақталыпты.
2017 жылға дейін куәліксіз қалған Үсенов заң мен әділдікке «ұрдым да, қол
қойдым» дегені ме? Әкесі қызметінен кетсе де, адам өміріне жауапты ұлдың қайта
көлікке отырғаны талай есерсоқты желпіндіріп қоймай ма?
Жаңа заң жобасы бойынша, рөлге ішімдік ішіп отырып, кісі қаққандар 15 жылға
дейін түрмеге қамалуы тиіс.

Ал
Арқанкергендегі құпия майданның білдей он бес азаматтың өмірін қиғаны белгілі.
Бұл кесапатқа жауапты бір-ақ адам болып шықты. Шекарашы Владислав Челах кінәні
өз мойнына алды, бірақ жалғыз өзі қасапханаға айналдырған бекеттің құпиясы әлі
ашылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары