Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады!!!!

Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады!!!!

Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады!!!!
ашық дереккөзі
1666

Ұлытау төрінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат берді. Аталған сұхбаттың өзін тыңдап, маңызды деген ойларымен бөлісіңіз!

“Отанды қорғау дегенде алдымен әкеңді, балаңды, анаңды қорғау. Соларды қорғау – Отанды қорғау”
“Қазақ ешқашан дінсіз болмаған. Исламды білу, құрметтеу керек. Бірақ Омар, Осман, Әбу Бәкір тұсындағы халифаттарды құрамын деген елестен арылып, имандылыққа тәрбиелеу керек”
“Тіліміз бар десек,тіліміз бар болады. Бақытсызбыз десек, бақытсыз боламыз. Тілімізді батыл қолданайық. Тіліміздің майын тамызып сөйлейік. Қазір 100 мың оқушы бітіріп шықса жылына, 80 мыңы қазақша сайрап тұрады. Тілдің дамуына еш кедергі жоқ ” 
“Тілді байыту керек. Пианиноны күйсандық деуге, композиторды сазгер деуге қарсымын. Мүлдем келмейтін ұғымдар”
“Мені неге сөзін қазақша бастап, орысша жалғастырып кетеді деп айтады. Бәрін білемін. Бірақ, түсінші – тәуелсіздік алғанда қазақ 40 пайыз болды… Кейін орыс кетті, еврей кетті, әйтеуір 65 пайызға енді жеттік”
“Тек қазақша сөйлейік деп жүргендер не ағылшынша,не орысша білмейтіндер. Егер біз тек қазақша сөйле десек, онда екінші Украина болар едік”
“Үйінде отырып алып, мәселені түсінбей, сөйлей беретін дилетанттар бар. Олар түсінбегенін Үкіметтен сұрап алсын!”
“ЕуразОдақ туралы түсінгісі келмеген адам түсінбейді. Тәуелсіздікке қауіп келсе, кез-келген ұйымнан шығып кетеміз. Бәрі консенсусте. Мен келіспесе, қалған екі президент ештеңе істей алмайды…”
“Менің арманым – Қазақстаның мәңгілік ел болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады”

Серіктес жаңалықтары