367
УКРАИНАНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
УКРАИНАНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Украиндардың Тәуелсіздік күнін бірге тойлаған Қазақстан азаматтары халықаралық қауымдастықты Украинаның территориялық тұтастығын бірге қорғауға шақырды.
24 тамыз – Украинаның тәуелсіздік күні. 1991
жылдың 24 тамызында Украина Кеңестік социалистік республикасы Жоғарғы Кеңесінің
Жарлығымен, Украинаның Тәуелсіздігі жарияланды. Алайда, КСРО «шекпенін» шыққан
украиндар егемендік алғанмен, жеріне Кремль көз алартты. Тоңмойын Кремльдің
зорлық-зомбылығына жалғыз қарсы шыққан Украина бүгінде халықаралық
қауымдастықтың көмегіне зәру. Өкінішке қарай, Қырымды күштеп тартып алып,
Украинаның территориялық тұтастығына қауіп төндірген Ресейге бірауыздан қатаң
шара қолдануға Батыс та, АҚШ та мүдделі емес. Дәл осы мәселеде Еуропалық Одақтың
өз ішінде алауыздық орнаған.
Тәуелсіздік күніне орай
отандастарының алдында сөз сөйлеген Украина президенті Петр Порошенко бұдан
былай Украинаның 23 ақпан – Отанды қорғау күнін тойламайтынын мәлімдеді:
«Украина енді ешқашан бұл мерекені көрші мемлекеттің (Ресейдің – Н.Ж.)
күнтізбесіне сәйкес тойламайды! Ал қазір еліміздің шығысында жүріп жатқан соғыс
тарихта «2014 жылғы Отандық соғыс» ретінде қалады».
Украина халқы мемлекеттік
маңызы бар мерекесін тойлап жатқан сәтте Қазақстандағы бірнеше азамат оларға
қолдау білдірді. Атап айтқанда, Алматыдағы Шевченко көшесінің бойына қойылған
Т.Шевченконың ескерткішінің маңына жиналып, Украинаның Әнұранын шырқады.
Кремльдің «ұрдажық» саясатына наразылық танытып, бүкіл әлемді Украина халқын
қолдауға шақырды.