Шыңжаң. Тәуелсіздік үшін күрес пе?

Шыңжаң. Тәуелсіздік үшін күрес пе?

Шыңжаң. Тәуелсіздік үшін күрес пе?
ашық дереккөзі
948

Шілденің соңғы күндерінде Шыңжаң өлкесінде орын алған лаңкестік әрекет салдарынан 59 адамның көзі жойылды деп хабарлайды bbc.uk.com сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
 

28-29 шілдеде Шыңжаңда пышақпен, балтамен қаруланған лаңкестік топ,
әкімшілікке, полицияға және бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған болатын. Бұл заңбұзушылық
әрекет ресми түрде лаңкестік әрекет деп танылды. БҰҰ лаңкес деп таныған Шыңжаңдағы бұл экстремистік
ұйымның атауы – “Шығыс Түркістан ислам қозғалысы” деп аталса керек,

Қытайдың құқық қорғау органдары лаңкестерді ауыздықтап, Шыңжаң Ұйғыр
автономиясы ауданында тағы 215 адамды тұтқындаған. Бейбіт тұрғындардан 37 адам
қаза тапса, 13 адам лаңкестердің шабуылынан жарақат алған.

Автономды ауданда былтырдан
бері жергілікті халық пен атқарушы органдарға қарсы шабуылдар әлсін-әлсін күш
алып, көтерілістер саны жиілеп келеді. Мәселен, 16 маусымда Қытайдың Шыңжаң
ұйғыр автономиялық ауданында терроризм және зорлық-зомбылық жасау айыптары
тағылған 13 адамға шығарылған өлім жазасы орындалды. Ресми БАҚ бұл адамдар жеті
қылмысқа қатысы бар деп танылғанын хабарлады. Жалпы автономды аудандағы
терроризмге қарсы операция бір ай бойы жүргізіліп келеді. Соның салдарынан 380
күдікті тұтқындалды. Аталмыш , науқан барысында бомба жасауға
қажетті 3 тоннадан артық материал, 100 шақты компьютер және 365 пышақ тәркіленген.
Бұл топтардың барлығына да “терроризм мен діни
экстремизмді насихаттайды” деген айып тағылған.

Екіжақтың қақтығысы салдарынан былтырдан
бері көтерілісшілер мен бейбіт тұрғындарды қосқанда, 200-дей адам қаза тапты. Қытай үкіметінің мәліметінше,
терактілерді тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды көздеген исламшыл
сепаратистер ұйымдастырып отыр. Ал Шыңжаңдағы тұрғындардың ахуалына алаңдаған халықаралық
адам құқығын қорғау ұйымдарының мәліметінше, Шыңжаңда шабуылдардың көбеюіне
Бейжіңнің репрессиялық саясаты түрткі болған.

Серіктес жаңалықтары