Назарбаев пен Путин телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады

Назарбаев пен Путин телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады

Назарбаев пен Путин телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады
ашық дереккөзі
186

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады.

 

Күрмеуі
тарқатылмаған бұл мәселе өршіп келеді. Әлемнің назары да осы елдің болашағында.
Күні кеше Украин сепаратистерінің Ресейге қашып, оннан астам қаланың азат
етілгені жөнінде жазған болатынбыз. Осы және басқа да экономикалық проблемалар
екі ел басшысының телефон арқылы әңгімесінде өрбіді.

Бұл орайда
бейбіт келісімнің болатыны анық дейді қос президент. Еуразиялық экономикалық
одақ қызметін дамыту, ынтымақтастықты жетілдіру сияқты мәселелер қаралды.
Кремль баспасөзі қызметі хабарлағандай, бұл әңгіме Қазақстан тарапының
ұсынысымен жүзеге асқан. «Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің одақтасы
ретінде ықпалдасу мәселелері жан-жақты талқыға салынып, Украинадағы қазіргі
жағдай да әңгіме өзегіне айналды. Одан бөлек, екі елдің ықпалдасу жоспарларының
болашағы да талқыға салынды», – делінген Кремль таратқан мәліметте.

Ал Ресейге
қатысты санкциялардың саны күн санап артып келеді. Әр мемлекет өз мүмкіндігіне
қарай, ресейлік ұсақ компаниялар мен кейбір тұлғаларға шектеу қойып отыр. Жалпы
алғанда бұл санкциялардың әлем экономикасына әсері болатыны сөзсіз. Қазіргі таңда
мұнай нарығында ауытқу байқалды. Лондондағы InterContinental Exchange Futures
Europe (ICE Futures Europe) электронды тауар биржасындағы соңғы сауда күні
Brent Crude Oil маркалы мұнай бағасы барреліне 107,72 доллардан 106,51 долларға
дейін төмендеген. Ал Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) шұғыл
тауар биржасында Light Sweet Crude Oil(WTI) маркалы мұнайдың соңғы сауда
күніндегі құны 100,97-ден 100,27 долларға дейін құлдырады.

Ресейге
қарсы санкциялармен бірге мұнай нарығына мұнай қорының 1,25 млн рубльге азаюы
да әсер еткен. Ал мұнай нарығының келешегі геосаяси жағдайларға тікелей
байланысты. Сондықтан Ресей мен батыс арасындағы ұзақмерзімді қасарысу үниежүзі
экономикасына өз ізін қалдырмақ.

Серіктес жаңалықтары