Қажылықтан бас тарт деген кім?
Қажылықтан бас тарт деген кім?
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға қажылықты басқа кезеңге ауыстыруға кеңес берді.
Бұл
жаңалық баспасөз беттерін бір шулатты. Тақырыппен танысқан халық бірден
шамданып, мәселенің байыбына бармай жатып, авторды сыбап алуы мүмкін.
Енді мәселенің мән-жайына
тоқталсақ, бұл коронавирус таяушығыс респираторлық синдромының өршуінен туындап
отыр.
Бекшин мырзаның айтуынша, бұл
аймақта эпидемиологиялық қауіп бар. «Біз қажылыққа қарсы болып отырған жоқпыз,
бірақ халықты одан мүмкіндігінше тартына тұру немесе сапарды жылдың басқа
мезгіліне ауыстыру жөнінде хабардар етуге тиіспіз. Әрине, Денсаулық сақтаудың
бүкіләлемдік ұйымы қазіргі ахуалды толық карантин деп қарастырып отырған жоқ,
бірақ ол жақта эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр», – деді Бекшин ҚР Президенті
жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бас санитардың айтуынша, қазіргі
кезде 700-ге жуық дерек тіркелді, оның 300-і өліммен аяқталды. Ауру Сауд
Арабиясында көп тіркеліп отыр – 400-ден астам жағдай, оның 115-і кісі өліміне
соқтырған. Жұқпалы ауру Кувейт пен Катарда да тіркеліп отыр, сонымен бірге,
оның Ұлыбритания, Франция және Америка құрлығына таралу деректері тіркелді.