Бүлікшілер Ресейге қашып жатыр
Бүлікшілер Ресейге қашып жатыр
Өзін Донецк халықтық республикасы деп жариялаған «мемлекеттің» Премьер-министрі Александр Бородай Ресейге қашып кетті. Бұған дейін де украин территориясындағы бүлікшілер мен сарбаздар Ресейден пана сұрап, босқын ретінде алып империя қолтығына ұмтылғаны белгілі.
Ал Бородай мырза өзінің орынтағына вице-премьер Андрей Пургинді қалдырса керек. Пургиннің сөзіне сенсек, Бородай мырза Ресейде
уақытша жүргенін, өз еліне түбі бір оралады. Ал халықаралық сарапшылар Александр Бородайдың
қашып кеткені анық деген пікір айтуда. Бұған дейін Игорь Гиркин, Денис Пушилин
және Донецк республикасының басқа да басшылары сылтау тауып, Ресейге кетіп қалғаны белгілі.
Айтқандай 8 шілдедегі Ресейге соңғы сапарында
Бородай мырза орнына орынбасарын қалдырмаған. Ресейден пана іздеп, Отанын
тастаған жалғыз бұл емес. Қашқындардың қатарында Луганск республикасының да
басшылары бар. Бұл жайтқа қарап, билігі бар адамның ығына жығылып, өз еліне
қастандық жасаған бүлікшілер жеңілгенін түсініп, өздерін қолдаған биліктен
жәрдем сұрауға кіріскен сияқты. Соңғы аптада украин әскері 10 қаланы бүлікшілер
құрсауынан азат еткен. Бүлікшілер қатары біртіндеп сейіліп, Ресейге босуда.