АЛЛА САУАБЫНАН ЖАЗСЫН!

АЛЛА САУАБЫНАН ЖАЗСЫН!

АЛЛА САУАБЫНАН ЖАЗСЫН!
ашық дереккөзі
1203

Айттың алғашқы күні мұқтаж
жандарға көмек қолын созған қайырымды адамдар бір емес, бірнеше бауырды
қуантты.

Айттың алғашқы күні мерекелік дастарқан басына жиналған
Алматыдағы Түркі халықтары мәдени қорының мүшелері сауапты іске жұмылды. Қордың
бастамасымен, қасиетті Рамазан айында бір ай бойы ораза ұстаған бауырларға
ауызашар берілген еді. Осы бір айда пітір-садақа жиналған жәшіктің аузы бүгін
ашылды. Жиылған қаражат та қомақты: 176 мың теңгеден асады. Қоғамдық қор
мүшелері ақылдаса келе, 90 мың теңгені 
қандасымыз Гүлім Әбішеваның ұлы Нұрбекті емдетуге жұмсауға шешім
қабылдады. Гүлімнің айтуынша, тағдыр тәлкегіне ұшыраған баласын жылына екі рет
ауруханада емдетіп отыру керек. Бірақ тегін ем қабылдауға мүмкіндік беретін
мемлекеттік квота жылына бір-ақ рет алынады. Ал ақылы емделуге қаражат тапшы:
күн сайын 20 мың теңге қажет екен. Сонда 10 күн үшін 200 мың теңге. Банктен
арнайы есепшот ашып, балапанының жанына араша тілеген Анаға қасиетті Рамазан
айында қандастар 110 мыңнан астам қаржы жинап беріпті. Емделуге қажетті 200 мың
теңгенің қалғанын, яғни, 90 мың теңгені Түркі халықтарының мәдени қорына
мүшелер мен ауызашарға келген қайырымды жандар қарасты.  

541ba493f2a81a14ee53e253f0d2de9f.jpg

af099b941d77a153ec1a2d15754f939d.jpg

Соңғы күндері әлеуметтік желілер арқылы ағайынның
көмегінен үмітті болған Гүлім Әбішева құлағына қуанышты хабар тиісімен, «Алланың қалауымен бiздерге себепшi, тiлекшi болып отырған
барлық қайырымды жандарға алғысымыз шексiз. Жасаған жақсылықтарыңыз Жаратушыдан
мың есе болып қайтсын, ардақты да аяулы жандар! Ана үмiтi мен Ана арманын
өшiрмей, күш-қуат берiп, қолдау көрсетiп отырғандарыңыз үшiн. Жаратушының
құдыретiне шексiз сенем. Осы сенiм мен сiздердiң қолдауларыңыз бiздi алға қарай
жетелеп келе жатыр. Балапанымның денсаулығы жақсарып жатса, бұған барлығыңыз
себепшiсiздер. Аналық шын жүрегiмнен алғысымды айтам», – деп алғысын білдірді.

74c507dc5b952ded58102f8793e045bd.jpg

8f62b5a370765024e8f17f77920f8d0f.jpg

Түркі халықтары мәдени қорының президенті Ахмет Дағдұран
мырза: «Жұмақ – Ананың аяғының астында. Әлемдегі ешбір Ана жыламасын,
қамықпасын. Ал Жер шарындағы бірде бір бала қиналмасын. Дендері сау болып,
ата-аналарын қуанта берсін. Кішкентай Нұрбек дертінен тезірек құлан-таза
сауығып, құрбы-құрдастарының ортасына қосылсын», – деген тілек айтты.

Қор мүшелері жиналған қаражаттың 50 мыңын екі ұлы да
мүгедек Зухра деген келіншекке табыстағалы отыр. Ал 36 мың теңгені бір аяғынан
айрылған тағы бір бауырымызға бермекші.

Біз сауапты іске құлшынған қайырыды жандарға алғыстан
басқа айтарымыз жоқ.

Серіктес жаңалықтары