Алатаудың сәнін кетірген өрт

Алатаудың сәнін кетірген өрт

Алатаудың сәнін кетірген өрт
ашық дереккөзі
162

 

Іле Алатау ұлттық паркінің Алматы қаласына жақын тұсында өрт шығып, қарағайлар мен шатқалдағы жасыл желекті жалмап жатыр. Сенбі күні Қарғалы өзенінің аңғарында басталған өрт 7 гектар аумақты шарпыған. Бұл Ақсай шатқалына жақын аумақ. 

Төтенше жағдайлар қызметі Үлкен Алматы шатқалында арнайы штаб құрған. Өртті
өшіруге жеке құрамдағы 60 адам мен 2 тікұшақ жұмылдырылды. Құтқару операциясына “Қазәуеқұтқару” тікұшағымен жеткізілген шамамен 70
адам жұмылдырылған. Сондай-ақ жалынды ауыздықтай алмай жатқан жағдай
үшін тағы 150 шұғыл әрекет ету қызметі қызметкерлері төтенше жағдай
орнына келген.

Алатаудың сәнін кұртқан тек бұл емес. Тау бөктерінде әлі күнге дейін
сақталған алма бақтары бар. Ол кезінде алмасымен атағы шыққан «Алатау»
совхозының аумағы. Бүгінде осы совхоздың жері жеке меншікке сатылып,
қожайындары қалған алманы отап жатса керек. 30 мың гектар жердің тең жартысын
отап тастаса керек. Бүгінге дейін 150 түп алма ағаш кесілген. Жергілікті
тұрғындардың айтуынша, өздерінің де бұл аумақта жері бар. Бірақ үй салуға
рұқсат жоқ. Ал алып ғимарат құрылысын бастап кеткендердің рұқсатты қайдан
алғанын білмей әлек.

Алатаудың сәнін
қолдан кетіру бір бөлек. Табиғат апаты тақырлап тастаған Медеу мұз айдыны
маңайы да бұрынғы көркем келбетінен айрылған. Алматы Алатауымен мақтанады,
алмасымен мақтанатын. Алайда бір жағы қолдан орылып жатса, бір жағы табиғи
апаттың құрбанына айналды. Ал қалталы қала тұрғындары етектен жер таппағандай,
биік беткейлерге үй сала бастаған. Осылай жалғастыра берсек, Алатау шыңдарынан
да ықшамаудан ашу алыс емес сияқты.

Серіктес жаңалықтары