Бостон оқиғасы: 25 жылға сотталуы мүмкін бе?

Бостон оқиғасы: 25 жылға сотталуы мүмкін бе?

Бостон оқиғасы: 25 жылға сотталуы мүмкін бе?
ашық дереккөзі
316

 

АҚШ-тың Бостон қаласында болған терактілік оқиғаға
қатысты сот әлі біраз уақытқа жалғасатын түрі бар. Елімізден білім қуып, АҚШ-қа
барған екі қазақ студенті де іске тікелей қатысы бар деп айыпталуда.

АҚШ Федералды тергеу қызметі
ағайынды Царнаевтар туралы егжей-тегжейлі тексеру амалдарын жүргізгенде оның
Қазақстаннан білім алуға барған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевпен дос
болғандығын айтып, бірге түскен суретін жариялады. Мұнымен қоса Диас Қадырбаевтың
әлеуметтік желідегі парақшасындағы «Terrorist №1» деген жазуы бар көлігінің
жанында түскен суреті де тергеушілердің ойын сан-саққа жүгірткен. 2011 жылдан
бері Массачусетс-Дартмаус университетінде бірге оқитын үш студент өзара достық
қарым-қатынаста болған. Тергеушілердің айтуынша, Қадырбаев, Тәжаяқов және
Филлипос үшеуі Царнаевтың бөлмесіне барып, рюкзакты, ноутбукты, фейерверк,
«бомба жасауға қатысы бар болуы мүмкін» деген қауіппен вазелин салынған құтыны
да ала кетіп, қоқыс салатын жәшікке тастаған. Осылайша, Бостондағы қазақ
студенттерi Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев «Царнаевтың әрекетiн жасырмақ
болып, сөз байлас­ты, тергеудi шатыстырмақ болып, заттай айғақтарды жойды» деп
айыпталған болатын.

Одан бері бір жыл, үш ай өтті. Осы уақыт аралығында қазақ балалары қаншама
күйзелісті бастан өткерді.  Қазір АҚШ-та Азамат Тәжаяқовқа қатысты 3 аптаға созылған сот
ісіне алқа билер өз үкімін айтты. Яғни, 12 алқа бидің 11-і оын кінәлі деп
тапқан. Федералдық соттың ережесіне сәйкес, отандасымызға кесілген жаза тек 3
айдан соң ресми жарияланбақ. Дегенмен қазір кемі 20-25 жыл берілуі мүмкін екені
айтылуда. Мұнымен қоса, 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынбақшы. АҚШ
Федералдық прокуроры Кармен Ортис: «Алқабилер сотының шығарған шешіміне көңілім
толады. Тараптың бәрі қылмыстық іске қатысты өз жұмысын орындады. Бәріне
алғысымды білдіремін», – деді. 

Ал Азамат Тәжаяқовтың адвокаты Мэттью
Майерс: «Бұл жерде алқа билердің басқа
өңірлерден емес, Бостон тұрғындарынан жасақталуы әсер етті деп ойлаймын. Бірақ
біз жазықсыз адамның жазаланып кетуіне жол бермеуіміз керек. Жохар Царнаевпен
дос болғаны болмаса,  Азаматтың жарылысқа түк қатысы жоқ. Сөмкені де
лақтырған ол емес» деді. Енді отандасымыздың жазасын жеңілдетуге
еліміздің Сыртқы істер министрлігі де араласпақ. Бұған дейін министрліктің
Нью-Йорктегі консулы сотқа бақылаушы ретінде қатысқан болатын.

ҚР СІМ ресми өкілі Нұржан Айтмаханов: «Азамат Тәжаяқовтың адвокаты шағымды 27 тамызға дейін беруі қажет. Шағым
бойынша жауап болса 22-ші қыркүйекке дейін берілуге тиіс. Енді Мэттью Майерс бастаған адвокаттар
алқасы апелляциялық шағым әзірлемек. Ал екі айдан соң екінші жерлесіміз Диас
Қадырбаевқа қатысты сот басталуы тиіс. Бірақ оның да жазасы жеңіл болмайтын
түрі бар.

Серіктес жаңалықтары