Ботагөз Уатхан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: Қауымдастық шетелдегі қазақ қоғамдарының барлығымен бірдей деңгейде жұмыс істеуге міндетті

Ботагөз Уатхан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: Қауымдастық шетелдегі қазақ қоғамдарының барлығымен бірдей деңгейде жұмыс істеуге міндетті

Ботагөз Уатхан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: Қауымдастық шетелдегі қазақ қоғамдарының барлығымен бірдей деңгейде жұмыс істеуге міндетті
ашық дереккөзі
215

– Шетелдегі қазақ қоғамдар мен
қорлар мен тең дәрежеде жұмыс істеу – Қауымдастық жарғысында көрсетілген.
Сондықтан біз сырттағы ағайынмен бірдей жұмыс жасап келеміз, бұдан былай да
солай жалғасады.  

Қазақ-Түрік қорының басшысы Фазыл
Топлы бастаған 4 кісілік делегация сәуір айында Қауымдастыққа келіп, Құрылтай
бағдарламасын бірлескен тәртіп бойынша бекіткен едік.Сол кезде Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының І орынбасары Талғат Асылұлы олардан
қандай көмек керектігін сұраған. Олар: «Тамызда партиялардың сайлауы өтеді,
олар бізге көмектеседі, бізге тек сый-сияпат, 6 шапан, оншақты домбыра, кітап-журналдар
мен ән-күй дискілерін әкелсеңіздер жеткілікті» дегенді.  Өкінішке қарай, көп кешікпей аталған қордан 10
мың АҚШ долларын сұраған хат келіп түсті. Қауымдастық ондай көлемде қаржылай
көмек көрсете алмайтындығын білдірді. Қор өз тарапынан аталмыш қаржы берілмесе,
Құрылтайды қауымдастықпен бірге өткізбейміз, тоқтатамыз деп мәлімдеді.  

Түркияда 20-ға жуық қазақ қоғамы мен бірқанша қор бар. Ф. Топлыға біз басқа
да қазақ қорларымен бірлесіп Құрылтай өткізетінімізді жеткіздік. Мен Ыстамбұлға
барып, Алматыға бүгін келдім. Ондағы қоғам
басшыларымен кездесу өткіздім. Бірақ оған Қазақ-Түрік қорынан өкілдер
қатыспады. Қатысамыз десе, есігіміз әрқашан ашық, ешкімнің жолына тосқауыл
қоймақ ниетімізде жоқ.  

Бүгінгі күні Түркиядағы ҚР Елшілігі мен Қазақ-Түрік білім
және зерттеу қоғамымен бірлесіп аталмыш Құрылтайды шілденің 31-інде Ыстамбұлда
өткіземіз деп шештік. Бұған аталмыш қордан басқа қоғамдардың барлығы ықыласпен
қатысты.  Бұл жылдық жоспарымыз бойынша
жүзеге асып жатыр. Құрылтайға Қазақстаннан баратын делегация құрамы бекітіліп
қойған, сондай-ақ ол қоғамдармен жұмыс жүргізіп жатқанымызға екі-үш айдың жүзі
болды.

Егер Қазақ-түрік қоры өздері дербес Құрылтай өткіземіз
десе, ол өз еріктеріндегі шаруа. Демократиялық, жариялылық заманында оларға
тыйым салу – біздің еркіміздегі шаруа емес. Біздің мақсат – Түркиядағы қазақтардың
басын қосу.  Бір шаңырақтың астында бір
федерация құру дегенді бұрыннан айтып келеміз. Еуропа мен Ресейде ондай қазақ
федерациясы жақсы жұмыс істеп келеді. 

Серіктес жаңалықтары