«Бекет-ата» мешітіндегі ауызашар

«Бекет-ата» мешітіндегі ауызашар

«Бекет-ата» мешітіндегі ауызашар
ашық дереккөзі
161

 Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде рамазан айының құрметіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан жеті жүз адамға ауызашар берілді. Мешіт ауласына тігілген шатыр мен мешіттің арнайы асханасына және мешіт ауласына жайылған ауызашар дастарханына арнайы шақырылған қонақтар мен Алатау ауданына қарасты барлық мешіттердің жамағаттары келіп ауыз ашты.

Ауызашар барысында мешітте ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан, мешіттің азаншысы болған Берікболов Мүлік Есімбекұлына Бас имам О.Дәуренбеков атқарған қызметіне алғыс білдіріп, қазақы салтпен иығына шапан жауып шығарып салды.

Рамазанның құрметіне арналған шаралар «Бекет-ата» мешітінде тұрақты түрде атқарылып жүр. Күнделікті мешіт ауласына тігілген шатырға ауыз-ашар ұйымдастырылып, екі жүзден астам жамағатқа дастархан жайылуда. Бас имам О.Дәуренбеков олардың басы-қасында болып, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттасып, уағыз жүргізілуде.

Рамазанның алдағы күндерінде де арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес, өңірдегі зиялы қауымға, құқық қорғау қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, мүгедек жандарға, дәрігерлерге, соғыс ардагерлеріне, жетім балаларға, т.б. ауызашар берілетін болады.

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары