Жириновский тағы не сандырақтады?

Жириновский тағы не сандырақтады?

Жириновский тағы не сандырақтады?
ашық дереккөзі
223

Жириновскийдің пікірінше Қазақстан қазақ қазақ елі емес-мыс. Осы уақытқа дейін біздің Сыртқы істер министрлігі Жириновскийді неге көкітіп қойып қарап отырғандығына таңбыз.

Жириновский Қазақстанда туып өскен еврей. Алайда өзін таза қанды орыспын деп санайды. Былайғы қылықтарынан оның ақыл-есінің орнында екендігіне күмәнданасың. Бірақ ол Ресейде саяси партияны басқарады және Мемлекеттік Думада вице-спикер қызметін атқарады. Демек, оның сандырағын жеке адамның пікірі деп қабылдамау керек. Ол саяси партияның және Ресейдің заң шығарушы органының атынан сөйлеп отыр.

Жақында Жириновскийдің осындай тағы бір мәлімдемесіне Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей Сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, оның мәлімдемесін жеке адамның мәлімдемесі ретінде қабылдамайтындығын, бүкіл бүтін бір саяси жүйенің мәлімдемесі деп танитындығын айтты. Алайда Ресейдің құзырлы мекемесінің түсініктемесінде “Жириновский өзінің жеке пікірін айтуда, бұл біздің саяси жүйенің пікірі емес” деген мәлімдеме жасалды.

Осы уақытқа дейін қазақ саясаткерлері Жириновскийді “персона нонграта” жасауды сұрап жүр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Сыртқы істер министрлігі оны “Қазақстанға келуін қаламайтын тұлға” деп жариялап, “персона нонграта” болмаса да, соған таяу тұлға деген еді. Алайда жыл өтпей Жириновский Алматыға келіп, туған қаласында тайраңдап 60 жасын тойлап кетті. Бұл не басынғандық? Әлде біздің Сыртқы істер министрлігінің сөзінің құны көк тиын ба? 

Қазақстан тарапынан ешқандай саяси қарсылық көрмегеннен кейін, ол “бұға берсең, сұға бередінің” кебін танытып, әлі күнге дейін алшаңдауда. Онымен қоймай Қазақ еліне, мемлекеттігіне күмән келтіріп жүр. Қазақстан БҰҰ-на мүше мемлекет. Яғни оның тәуелсіздігін бүкіл әлем мойындап отыр. Халықаралық қауымдастықтарға мүше. Ендеше оны мойындағысы келмеген Ресей саясаткерін жауапқа тарту керек. Біздің билік есесіне қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған “Антигептилшілдерді” басып-жаншиды, қазақ ақпаратының дамуына өлшеусіз үлес қосып отырған Жарылқап Қалыбайға 13 миллион теңге айып пұл салады. Өз ұлтына қарсы билікті бұған деғйін көрсем көзім шықсын. Өз ұлтын тұншықтыруға әрекет еткен қандай ел деңізші?!.  

Серіктес жаңалықтары