Бізді өз Президентіміз қорғайды

Бізді өз Президентіміз қорғайды

Бізді өз Президентіміз қорғайды
ашық дереккөзі
164

 

Ол Ресей президенті Владимир
Путинге жазған ашық хатында өз елінің нағыз патриоты екенін танытып,
Қазақстанда тұратын орыс екендігін, бірақ РФ президентінің көмегіне зәру
еместігін, өзін қорғайтын өз президенті барын жазған. Осы жазбадан кейін оның
блогына тіркелушілер саны күрт артты. Себебі өз Отанын сүю құр атойдан емес,
осындай сезімнен тұрса керек. Патриотизмді 
дәріптеу – басқа ұлтты қаралаудан емес, өз ұлтыңа деген сүйіспеншіліктен
басталады. Александр қазақ тілін меңгерген, парақшасындағы жазбаларының басым
бөлігі қазақ тілінде. Бірақ Путинге қарата айтылған пікірі орыс тілінде
жазылған.

Құрметті Владимир Владимирович!

Соңғы кездері сіздің
аузыңыздан көршілес елдерге қатысты қастық сөздерді жиі естіп қап жүрміз. Сіз
басқа мемлекеттерде тұрып жатқан орыстар құқығының тапталып жатқандығы туралы
жиі айтасыз. Алайда «басқа мемлекеттерде өмір сүріп жатқан орыстар» – сол
мемлекеттің толыққанды АЗАМАТЫ, Сіз шетел азаматтарын қалай қорғамақсыз? Ең
бастысы кімнен?

Мен Қазақстанда туылдым және мұнымды мақтан тұтамын!
Мұнда орыс тіліне қысым жасалмайды, керісінше қазақ тілінің жағдайы ауыр. Мен
осы елдің азаматы ретінде бұған алаңдаймын. Сондықтан қазақ тілін үйрену менің парызым деп санаймын және бұл ойымды жүзеге асырдым. Мені немесе басқа да орыс
халқын тіл үйренуге ешкім мәжбүрлеген жоқ. Ұлы еліміздің басқа да азаматтары
мұны үлгі тұтатынына сенімім мол.

Құрметті Путин мырза, одан да Ресей территориясындағы
орыстарды, яғни өз азаматтарыңызды қорғаңыз. Оларға Сіздің көмегіңіз ауадай
қажет.

Ал бізді Біздің Президент қорғайды!

Құрметпен Александр Яковлев, қазақ

Серіктес жаңалықтары