«ҚазМұнайГаз» – менің компаниям! МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

«ҚазМұнайГаз» – менің компаниям! МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР

«ҚазМұнайГаз» – менің компаниям! МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ашық дереккөзі
209

«Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады.

Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз».

Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақ­стан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.»

«ҚазМұнайГаз»-дың еншілес ұйымы, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының Павлодар мұнай құбыры басқармасының «Прииртышск» АВП элект­рохимқорғау және жоғары вольтты желіні жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр монтері Владимир Сернецкиймен танысқаннан кейін, бірден: «Әлемді осындай адамдар ұстап тұр» деген ой келеді.

Ол ешқашан да жоғары лауа­зымды қызметте болған емес, тіпті оған талпынған да емес. Оның айтуынша, өміріндегі ең басты байлық – абыройлы жұмыс, жанұя мен туған жері Қазақстанның бейбітшілігі. Себебі, дәл осы «мәңгілік құндылықтар» толыққанды өмір сүріп, тек жақындарыңды ғана бақытты етіп қоймай, өз еліңнің де гүлденіп, көркеюіне мүмкіндік береді.

Владимир Сернецкийдің барлық еңбек өтілі осы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылымында қалыптасты. Былтыр оның мұнай құбыры басқармасында атқарған қызметіне 20 жыл толған еді. Мұнда ол 90-жылдардың басында, Павлодар химия-механикалық колледжін тәмамдап, әскери борышын өтеп келген соң жұмысқа орналасты. Бастапқыда темір ұстасы болып жұмыс істеді, кейін оны электрші қызметіне ауыстырады. Жауапкершілігі жоғары жұмыстар әрдайым көп болатын, себебі басқарма бақылауында 500 км құбыр, 3 мұнай айдау станциясы, мобильді ОАВП, АВП «Прииртышск», технологиялық көлік цехы бар. 

Шаруашылық күнделікті қада­ға­лауды талап етеді, сондықтан Вла­димир Сернецкий қызмет ететін шағын ғана кәсіби мамандар ұжымы үнемі жұмыс үстінде. 

Тікелей кәсіби міндеттерден өзге, ол қосымша темір ұстасы, металл жонушы, электрші, дәнекерлеуші қызметтерін де игеріп үлгерді. Владимир Сернецкий таптырмайтын әрі өз ісін жетік меңгерген мамандардың бірі, сондықтан соңғы бірнеше жыл қатарынан ол «Өз мамандығының үздігі» байқауына қатысып, 2012 жылы халықаралық байқауда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь елдерінің мұнай құбыры компаниялар өкілдеріне өзінің кәсіби шебер екендігін мойындатып, өз номинациясының үздігі атанды. Ал биыл, ол «ҚазТрансОйл» АҚ «Өз мамандығының үздігі» байқауының ақтық кезеңінде жеңімпаз атанып, осылайша Беларусь елінде өтетін кезекті халықаралық байқауға жолдама алды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өз қызметкерлерінің жоспарлы және мақсатты бағыттағы дамуына ерекше көңіл бөліп, жыл сайын кадрлық әлеуетті дамыту мақсатына қомақты қаражат бөледі. Тіпті, аталмыш мәселе компанияның басымдықтарының бірі десе де артық айтпаспыз. Былтырдың өзінде «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының 2078 қызметкері білімдерін жетілдірді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 75 пайызын құрайды. 

ҚМГ-дың корпоративті страге­гия­сында әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы маңызды мәселелердің бірі. Осы жұмыстарды дамыту мақсатында, ең алдымен, басымдық компания қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсарту, материалдық көмек көрсету, кәсіби деңгейде жоғарылауға мүмкіндік беру, қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды бағыттарға беріледі. 

Кейіпкеріміздің ерекше өтетін жұмыс күнінен кейінгі демалысы да – ерекше. Ол Павлодар облысы, Железин ауданы, Ұрылытүп ауылында дүниеге келді. Ауыл өмірінің дәм-тұзын бала кезінен татқан тұлға. 

Бүгінде оның өзі тұрғызған кең үйі мен ірі қара малы, шағын шаруашылығы және бақшасы бар. Омарташылықпен де айналысады. Сондықтан, оның бос уақыты да қызықты өтеді, өйткені үлкен шаруашылық үздіксіз бақылауды талап етеді. Мақаламыздың кейіпкері жанұя айналасында өзін бақытты сезінетіндігін айтады. Үйде әрдайым 18 жыл бірге бақытты ғұмыр кешіп жүрген жұбайы Ольга құшағын жая күтіп отырады. Олардың екі баласы бар, үлкен қызы Арина биыл 9-сыныпты аяқтады, мектепте озат оқушы, колледжге түсіп, дәрігер болуды армандайды. Кішкентай ұлы Захар 10 жаста, дегенмен қазірдің өзінде әкесінің көмекшісі болып, шаруашылықты бірге атқаруға қолғабыс етеді. Владимирдің сөзіне келсек, оны ата-анасы еңбекті бағалауға үйретіп тәрбиелеген екен. Дәл сондай жолмен ол да өз балаларына тәрбие берген. Ол: «Адам жалқаулыққа бой бермей,тоқтамай еңбек етсе, барлығына қол жеткізеді», – деді әкесінің сөзін еске алып. Владимир Сернецкий осындай қағидалармен өмір сүреді. Ол – нағыз «Еңбек адамы». 

Шынар САМЕТОВА

Серіктес жаңалықтары