Саркози неге ұсталды?
Саркози неге ұсталды?
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози өкілеттігін асыра пайдалану туралы
іс бойынша жауап беруде.
Ол 1 шілде күні таңертең Париждің
іргесіндегі Нантер қаласында орналасқан полиция бөліміне жеткізілді.
Тергеушілер Саркозиді 24 сағат бойы ұстай алады, қажет болған жағдайда
бұлтартпау шарасы осы мерзімге бір-ақ рет ұзартылады екен. Экс-президентке
миллиардер әйел Лилиан Бетанкурдың ісі бойынша өткен сот процесіне араласты
деген қосымша айып тағылған. Бетанкур Саркозидің сайлауалды кампаниясын заңсыз
қаржыландырған. Бұған дейін
тергеушілер бұрынғы президенттің сайлау науқанына қажетті қаржыны Ливияның
бұрынғы жетекшісі Муамар Каддафи бөлген деген болжам айтқан болатын.
Телефон әңгімелерін тыңдаудың нәтижесінде Бетанкур ісі
бойынша судьялардың бірі Саркози мен оның адвокатына тергеудің қызметтік
материалдарын беруге келіскені расталды. Саркози бұл қызмет үшін судьяға
Монакодан жоғары лауазым ұсыныпты. Ал экс-президенттің
адвокаты болса, одан бір
күн бұрын ұсталып, қамауға алынған.