ДСҰ-ға бір қадам

ДСҰ-ға бір қадам

ДСҰ-ға бір қадам
ашық дереккөзі
479

 Қазақстан тарапы Дүниежүзілік сауда ұйымымен келісімге қол қоюға біртабан жақындады. Таяуда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоюға байланысты өткен брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай мәлімдеді. 

ДСҰ-ға бір
қадам, екі қадам деп әупірімдеп келе жатқанымызға неше жыл. Келіссөздер
жүргізілуде, Ресейден кейін іле-шала біз де кіреміз деп көкіттік. Әлі де
келіссөз деңгейіндеміз. Әрине, кейбір экономистер бұл Қазақстанды қымбатшылыққа
ұрындырады десе, енді бірі еліміздің дүниежүзінде маңызды экономикалық
әріптестік орнатып, стратегиялық сауда-саттық жасауда пайдасы мол дейді.
Жақында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДСҰ-ға мүше болуға аз-ақ қалғанын
айтқан болатын. «Қазақстан ДСҰ-мен
келісімге қол қоюға жақындады. Біздің сауда бойынша келіссөз жүргізушілер Ресей
мен АҚШ-тың келіссөз жүргізушілерімен Женевада кездеседі. Олар Қазақстанның
ДСҰ-ға кіруі бойынша талқылауды тәмамдайтын болады. Сонымен қатар біз Беларусь
еліне осы үдерістен сәтті өтуіне көмектесуге қуанышты боламыз. Себебі, ЕАЭО
мүшелері жаһандық сауда ұйымына қосылуы біздің мүддемізге сай келеді», – деді.

Ал күні кеше Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты
келіссөздер аяқталды дейді Egemen.kz сайты nur.kz сайтына сілтеме жасап. Экономика
және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов Берлин Еуразиялық
клубының 10-шы отырысында: «2012 жылы клубтың 2-ші отырысы аясында біз шараға
қатысушыларды Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздер
үдерісі жайында құлағдар еттік. Сол сәттен бастап біз нақты прогреске қол
жеткіздік. Екіжақты форматта жүргізілетін тауарлар мен қызметтер нарығына
арналған қолжетімділік шарттары бойынша келіссөздердің аяқталғанын атап өтуге
болады», – деді. Бұл мәселе бойынша 30 елмен келіссөз жүргізіліп, хаттамаға қол
қойылған. Өткен кезең ішінде еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі
жөніндегі жұмыс тобының 18 отырысы ұйымдастырылды. Сөйтіп заңнамалардағы
өзгерістер, Қазақстанның ішкі коммерциялық және сауда саясатына қатысы бар
халықаралық келісімшарттар қаралды.

Серіктес жаңалықтары