23 жылда екі заң жобасы ғана қазақ тілінде келіп түскен

23 жылда екі заң жобасы ғана қазақ тілінде келіп түскен

23 жылда екі заң жобасы ғана қазақ тілінде келіп түскен
ашық дереккөзі
239

Үшінші сессияны аяқтаған
депутаттар демалысқа кетті. Спикердің айтуыыша, біраз шаруа атқарылған. Яғни,
мәжілісмендер өздері атқарған тірлікке көңілдері толады, дән риза. Ал олар
қабылдаған заң жобаларының арасында еліміздегі сөз бостандығын шектеуге және
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысына кедергі келтіруге себеп
болатын құжат та бар.

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті кезекті
демалысқа кетті. Күзге де әл жинап, елмен қоян-қолтық араласуға уақыт табатын
депутаттардың биылдыққа не бітіргені туралы есеп берген Мәжіліс төрағасы
Қабиболла Жақыпов мәжілісмендер тарапынан атқарылған жұмыстарды тізбеледі. «Парламенттің басты қызметі – қазақстандықтарға
және мемлекетке қажетті  сапалы заңдар қабылдау», – деп мәлімдеген спикер
мырзаның айтуынша, Сессия басталғалы Парламент
қарауында 154 заң жобасы келіп түскен. Оның 114-ін – Үкімет, он біін
депутаттар енгізіпті. Сонымен қатар 30-ға жуық заң жобасы өткен сессиялардан
қалса, үшінші сессияда Парламент 104 заң қабылдап, оның 80-ніне Президент қол
қойған. Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта: «Ең маңызды заң
жобалары қатарында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық
орындауға;  халықтың жұмыспен ойдағыдай қамтылуын ұйымдастыруға;
әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға; өңірлік дамуға; шағын және орта бизнесті
қолдауға қосымша 102 миллиардқа жуық теңге бөлінген, 2014-2016 жылдарға
арналған үш жылдық бюджетті жетілдіру мәселесі аталып өтілді», – делінген.  

Баспасөз мәслихатында Елбасының басты тапсырмаларының бірі – Қазақстан
халқының әлеуметтік ахуалын жақсартуда басты назарды адам капиталына, яғни,
азамттардың тұлғалық дамуына көңіл бөлу керектігін ескерткен спикер: «Әлеуметтік
салаға арналған шығын – адам капиталын дамытуға бағытталған инвестиция екенін
есепке ала отырып, біз ең алдымен, халқымыз үшін ең өзекті – денсаулық, білім,
еңбекпен қамту, тұрғын-үй құрылысы, әлеуметтік қорғау салаларын қаржыландырып
және Үкіметтен  өте салмақты әрі сапалы нәтижелер күтуге қақылымыз», –
депті. Осы мақсатта, алдағы үш жылға арналған бюджетті қарау кезінде әлеуметтік
даму мәселесі ескерлуі тиіс көрінеді.

Мәжіліс депутаттары заңнамалық құжаттарды қабылдаған кезде Астанада
өткізілетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін өткізу мен ұйымдастыруға қажетті
ережелерге қатысты заң жобасын, рұқсаттар мен хабарламалар туралы, оңтайландыру
мен банкроттық, қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді
одан әрі дамыту, қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы
іс-қимыл,оңалту және банкроттық, салық салу мәселелеріне қатысты жобаларды
талқылап, қабылдауда да аса белсенді болған. Сонымен қатар Жақыпов мырза
отандық құқық қорғау заңнамасын реформалауға қатысты жұмыстарын да айрықша атап
өтті. Айтпақшы, құқық қорғау саласына қатысты қабылданған заң жобаларының
ішінде Қазақстан қоғамында үлкен наразылық тудырған құжат та бар. Ол –
Қазақстан  Республикасы Қылмыстық
кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар. Жеңе тұлғалардың азаматтық
ар-намысына тию, жала жабу, абырой-атағына нұқсан келтіру т.б. мәселелерге
байланысты енгізілген өзгерістердің кесірінен «жала жапты» деген айып тағылған
адамдарды 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға құқық беретін бұл бап
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де төнген қауіп екені сөзсіз. Өйткені
онсыз да қит етсе, журналистерді қаралауға дайын тұратын кейбір отандас өзіне
ұнамаған кез келген журналист не редакцияны сотқа сүйреп, психологиялық тұрғыда
қысым жасап, әбігерге салуы әбден мүмкін. Бұл әрі демократиялық құндылықтарға
негізделген азаматтық қоғам құруға талпынған Қазақстандағы сөз бостандығына
тыйым салумен тең. Демек, халықаралық заңнамаларға да қайшы келеді.

Серіктес жаңалықтары