КРЕМЛЬ ТАҒЫ ДА «ӨЗІМБІЛЕМДІККЕ» САЛЫНДЫ

КРЕМЛЬ ТАҒЫ ДА «ӨЗІМБІЛЕМДІККЕ» САЛЫНДЫ

КРЕМЛЬ ТАҒЫ ДА «ӨЗІМБІЛЕМДІККЕ» САЛЫНДЫ
ашық дереккөзі
233

Қазақстан мен Беларусь Ресейдің
Украина импортына шектеу қою туралы бастамасын қолдаған жоқ. Бірақ Украинаға
тісін қайрап отырған Ресей аталған шектеулерді жалғыз енгізуге құлшынып отыр.
Сонда үшеуге қатысты құжаттарда «азшылық көпшілікке бағынады» деген ереже жоқ
болғаны ма?

Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Ресей ЕАЭО-ға
мүше елдер – Қазақстан мен Беларуське Украинада өндірілетін тауарларға қатысты
жалпы Қарарға өзгерістер енгізуге, яғни, талаптарды күшейтуге ұсыныс жасаған.
Алайда, қазақтар мен беларусьтер жағы оны қолдамады. Кедендік одақтың шарттары
мен талаптарын көлденең тартқан Ресей одақтастары құптамаса да, импорттық
шектеуді жалғыз енгізуге құлшынып отыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы
Дмитрий Песков «Қорғаныс шаралары бәрімізге керек. Біз сол шараларды біржақты
емес, бірге енгізу үшін ұсыныс жасалды. Сол үшін келіссөздер жүргізіледі», –
деді. Кремль өкілінің бұл сөзінің астарында «келіссең де келісесің, келіспесең
де» деген доқ көрсету жатқан сияқты. Әрі Кедендік одақтың ережелерін қағаз
жүзінде хаттамас бұрын бұрын үш тарап та “шешімдерді қабылдаудауда
берілетін дауыс үш жаққа да тең» деген еді. Сонда кім кімді алдап отыр?
Қазақстан мен Беларусь украиналық тауарларға шектеу қоюға үзілді-кесілді қарсы
болса, Ресей неге оны ескермейді?

Баспасөз мәслихатында Қазақстан мен Беларусьтің Ресейді
не себепті қолдамағанын түсіндірген Дмитрий Песков: «Себептері әртүрлі.
Беларусьтің Украинамен шектесетін шекара сызығы 600 шақырымға созылады. Оны
жауып тастау техникалық тұрғыда өте қиын. Ал Қазақстан болса, Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіруге дайындалып жатыр. Сондықтан келіссөздер шеңберінде
қойылатын талаптарды орындауға міндетті», – дейді.

Негізі Ресей Украинадағы билік басында Янукович отырған
кезде де «қорғаныс шараларын» сылтауратып, импорттық шектеу орнатуға бірнеше
рет қоқан-лоққы жасағаны мәлім. Украина арқылы еуропалық нарыққа көмәрсутегі
тасымалдауда да жиі дау туындайтынын ескерсек, қолындағы энергетикалық қорларды
саяси ықпал ету құралына айналдырған Кремль әлі талай рет Киевке психологиялық,
экономикалық, дипломатиялық тұрғыда қысым жасайтыны анық. Өйткені үстіміздегі
жылдың 27 маусымында Украина, Грузия мен Молдова премьер-министрлері Еуропалық
Одақпен қауымдастық пен еркін сауда келісіміне қол қойды. Бұл дегеніңіз, Ресей
нарығы мен ресейлік тауап өндірушілерге төнген қауіп. РФ аумағында ғана емес,
жалпы посткеңестік елдерде, әсіресе, көмәрсутегілерге бай орталықазиялық
аймақта үстемдігін жүргізуге мүдделі Ресей Орталық Азхия нарығына өзге елдердің
тауарларын енгізуге құлықсыз. Себебі, Кремльдің еркіне салсақ, аталған аумақ
тек ресейлік өнімдермен қамтамасыз етілуі тиіс. Нарыққа монополия орнатып
алғаннан кейін орыстар қалаға тауарды қалаған бағаға сатуға қақылы. Ал өзге
елдерден, әсіресе, Қытай, Түркия, Еуропалық Одаққа мүше елдерден келетін
өнімдер ресейлік монополияның мүддесіне қайшы. Сол себепті Еуропалық Одақпен
ынтымақтастыққа бет бұрған Украина арқылы келетін импорттық тауарларға шектеу
салуды көздеп отыр. Күні кеше ғана Кедендік одақтың ережелеріне сәйкес,
әйелдердің өкшесі биік аяқ киімдері, ерлерге арналған спортық аяқ киімдер т.б.
адамдардың денсаулығына зиян екенін айтып, оларға тыйым салуға құлшынғандардың,
сондай-ақ, ақпан айында қыз-келіншектерге шілтерлі ішкиім кигізбеуге кеңес
бергендердің де көздейтіні осы. Өйткені Қазақстан тұтынушылары Ресейдің қымбат
өнімінен гөрі Қытайдың арзан тауарларын сатып алуда белсенді. 


Серіктес жаңалықтары