Ыстықкөлдің көк тасы

Ыстықкөлдің көк тасы

Ыстықкөлдің  көк тасы
ашық дереккөзі
452

Бұл жаңалық мәлім болған соң, өлкенің геология және минералдық ресурстар министрлігі арнайы жіберген үш маман тастың нефритоид екенін анықтады. Дегенмен оның сапасын анықтайтын зертхана Қырғызстанда болмай тұр.

Әлемдік нарықта бір келі нефриттің бағасы 10 мың доллар тұрады. Сондықтан бұл көк тастың құны әжептеуір қомақты. Тас табылған Шоң Қызыл су ауылының тұрғындары бұл минерал затты өздері кезектесіп қарауылдап жүр және Үкіметтің облыстағы құзыретті өкілінің (әкімнің), жергілікті биліктің де көземелінде болуда. Жергілікті тұрғындардың кейбіреулері оны сатып, түскен қаржының бір бөлігін ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға жұмсау керек деген пікірде болса, енді біреулері бұл тасты туристерге көрсету арқылы пайда табуға болады деп санайды.

Дүниеде нефритке көз алартқандар аз емес. Мысалы, Бурятияда жергілікті эвенкілер қоғамы құны 3 миллиард рубль болған 1500 тонна нефритті жасырып отырғаны анықталды. Былтыр сәуір айында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетіне қарасты сыбайластықпен күресу қызметі Қазақстанның Т. Байдәулетов деген азаматын Ресейден Қытайға «ұн» деген жалған құжатпен 160 тонна нефритті контрабандалық жолмен алып әкетіп бара жатқан жерінен ұстаған болатын. 

Назарбек БАЙЖІГІТОВ, «Түркістанның» 

Қырғызстандағы тілшісі

Серіктес жаңалықтары