АБАЙ МЕН МҰХТАРҒА АРНАЛДЫ

АБАЙ МЕН МҰХТАРҒА АРНАЛДЫ

АБАЙ МЕН МҰХТАРҒА АРНАЛДЫ
ашық дереккөзі
157

dbf5fa52436ebeba6da362c66d09f8b6.jpg

1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осы күнді бекіткен болатын. Басты мақсаты – жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.
Қазақстанның рухани өмірінде Семей қаласының алатын орны ерекше. Тарихы әріден басталатын көне қалалардың бірі Абай дәуірінде мәдениеттің, өнердің орталығы болды. Қаламызда өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін, тарихымыздың өшпес бір бөлігіндей саналатын ғимараттар мен ескерткіштер жеткілікті. Бұл – кейінгі ұрпаққа танымдық-өнегелі тәрбие беретіндей мәдениеттің қайнар бұлағы. 
Абай өмірі мен шығармашылығы, туыстық, ақындық-өнер айналасымен байланысты төрт жүзден астам тарихи-мемориалдық орындар абайтануға мәлім. Олардың бір саласы тікелей Абайдың өзіне байланысты болса, бірқатары Шәкәрімге, М.Әуезовке, Абай мектебінің шәкірттері, ұлы ұстаз дәстүрі мен тағылымын жалғастырушы тұлғалар өміріне, шығармашылығына қатысты орындар және елдімекендер жатады.
Кештің алғы сөзін Абай қорық-мұражайының директоры, Ж.М.Әубәкір ашты. «Шыңғыстау – ұлылардың мекені», «М.Әуезов оқыған мұғалімдер семинариясы», «Мұрағат құжаттары – өлкенің тарихын айқындайтын асыл қазына» тақырыптарында Бөрлідегі М.Әуезов мұражай-үйінің меңгерушісі Ш.Исабаев, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Ш.Жанаева, Қазірігі заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкері А.Нурикенова баяндамалар жасады. 
Кеш қонақтарына М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері өз өнерлерін көрсетіп, «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» мамандығы оқушыларының «М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне – 110 жыл» шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты болды.
Кешке қаламыздағы мұражай, архив қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, студенттер қатысты.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары