АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ

АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХ СЕССИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ
ашық дереккөзі
122

«24 сәуірде Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен және «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күнтәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді. ҚХА сессиясы – жоғарғы органы әрі бұл жиын ел Президентінің тікелей төрағалығымен өтеді. Ассамблея сессиясының қарауына шығарылатын мәселелер барлық мемлекеттік орган­дардың міндетті қарауына кіреді», – деді Е.Тоғжанов. 
Ассамблея кеңесінің отырысында ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралады. Атап айтқанда, Ассамблея қызметінің стратегиялық даму бағыттары сөз болады. «Менің ойымша, мемлекеттің, экономикалық сектордың және әлеуметтік блоктың тұрақты даму тетігі мен саяси тұрақтылықты тек қоғамдық келісім арқылы ғана қамтамасыз етуге болады. Осы мәселе Ассамблеяның алдағы кезеңдегі негізгі қызмет бағыттарының бірі болмақ», – деді Ералы Тоғжанов. 

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары