РЕСЕЙ «Байқоңырдан» кете ме? РФ президенті Путиннің Ғарышкерлер күнін «Восточныйда» өткізуінің астарында не сыр бар?

РЕСЕЙ «Байқоңырдан» кете ме? РФ президенті Путиннің Ғарышкерлер күнін «Восточныйда» өткізуінің астарында не сыр бар?

РЕСЕЙ «Байқоңырдан» кете ме? РФ президенті Путиннің Ғарышкерлер күнін «Восточныйда» өткізуінің астарында не сыр бар?
ашық дереккөзі
157

9e4bd084dff819563395e685a19cd6aa.jpg

«Восточный» жанындағы қаланы ғарыш әлеміне алғаш жол салған, оның ғылыми негізін қалаған Циалковский атында атау туралы ұсыныс айтқан В. Путин журналистердің: 
– Енді Байқоңыр жұмыссыз қала ма? – деген сауалына: 
– Жоқ, ол да жұмыс істей береді. Алайда, өздеріңіз де білесіздер, Байқоңыр Кеңестік заманда салынды. Ол моральдық және физикалық тұрғыдан ескірді. Ал біздің алаңымыз Байқоңырмен салыстырғанда, өте тиімді. Онда тек қана жаңа техника пайдаланылмайды, сонымен бірге жүктерді жеткізуде «Байқоңырмен» салыстырғанда, арақашықтығы да алыс емес, – деген жауап берген. 
Бұған дейін Қазақ мемлекеті мен Ресей арасында «Байқоңырға» қатысты біраз даудың туындағаны жайында «Түркістан» газеті бірнеше мақала жазған еді. Даудың басы ­ – Байқоңырға балама болатын жаңа ғарыш айлағының Ресейде салынып жатқанынан басталған еді. Былтыр 10 қаңтарда Парламент палаталарының отырысында «Қазғарыш» агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың «Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейден қайтарылады және Байқоңырдан ұшырылатын «Протон» зымыран тасығыштарының саны азаяды» деген мәлімдемесі біраз әңгімеге арқау болып, соңы Байқоңырда екі ел үкіметаралық комиссия төрағаларының кездесуімен аяқталған. Әзір дауға әлі нүкте қойылған жоқ. Байқоңырдың бұдан былайғы тағдырын екі ел президенттері мамыр айында талқыға салмақ. 
Қазақ шенеуніктерінің ерін бауырына алып тулайтын жөні бар екен. Ресей өз ғарыш айлағын дамытуды мақсат етіп жатқаны және оның тез арада іске қосылуына мүдделі екені айқын болды. Путиннің сөз ләмінен байқағанымыз, Ресей Байқоңырды бұған дейінгі ескі техникасымен күресінге тастамақ. 20 жыл бойғы аренда кезінде Байқоңырда тек ресейлік мамандардың жұмыс істегені аян. Байқоңыр қақтығысы кезінде қазақ мамандарының ешқайсысы ондағы технологияны меңгермегені яғни Ресей кетсе, Байқоңырды алға жылжытуға қабілеттерінің жоқтығы аян болған. Оның үстіне, болашақта ғарыштық державаның біріне айналудан үміткер Қазақстанның «Бәйтерек» жобасын қаржыландырудан Ресей бас тартып отыр. Федералдық ғарыштық бағдарлама бойынша, 2015 жылға дейін Ресей «Восточный» ғарыш айлағының құрылысына 251 миллиард Ресей рублін, яғни 9 миллиардтай АҚШ долларын жұмсамақ. 
– Зымыранның алғашқы ұшырылуы 2015 жылға жоспарланып отыр, 2020 жылы «Восточный» толық пайдаға берілуі тиіс. Ғарыштық мәселеде барлық кешенді проблемалардың шешілуі үшін біздің ұлттық сенімді алаңымыз болуы қажет, – деп атап өтті В. Путин. 

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары