636
Апатқа ұшыраған пойыздың жылдамдығы қандай болғаны анықталды
Апатқа ұшыраған пойыздың жылдамдығы қандай болғаны анықталды
"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа Шуда апатқа ұшыраған төтенше жағдай туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚТЖ басшысы премьер-министрге төтенше жағдайды тергеп жатқан комиссияның құрамына Қазақ көлік және коммуникация академиясының және Бүкілресейлік теміржол көлігі ғылыми институтының мамандары кіргенін айтты.
"Бұл жағдай пойыздардың рельстен шығу оқиғаларынан ерекшеленеді, себебі өзгеше техникалық көрсеткіштері бар: рельстердің бойында аралықтың болмауы және жолдың тіке бойында рельстен шығу. Бұл жердегі жол бөлігіне жасалған соңғы жоспарлы диагностиканың биыл 6 маусымда болғанын және ешқандай ескерту болмағанын атап өткен жөн. Бұл аралықта сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген, жолаушылар пойызының жылдамдығы сағатына 92 шақырым болған. Бұл аралықтағы жол, рельстер мен шпалдар өз нормативінің 60 пайызын ғана орындады", - деді Алпысбаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, комиссия жұмысын осы айдың соңына дейін аяқтайды.
Еске салайық,17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.