296
OCCRP: Кондитерлік бизнеске Қазақстан президентінің қызы иелік етеді
OCCRP: Кондитерлік бизнеске Қазақстан президентінің қызы иелік етеді
OCCRP "Панама мұрағатының" екінші бөлігін жариялады. Онда Дариға Назарбаеваның бизнесі туралы да тың деректер бар.
Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталық "Панама мұрағатынан" жаңа құжаттар жариялады. Mossac Fonseca заңгерлік компаниясымен байланысты құжаттар 2016-2017 жылдарды қамтиды. Журналистер мәліметі бойынша, бастапқыда фирма офшорлық компаниялардың шамамен 75 пайызының қожайындары кім екенін білмеген.
Жария болған жаңа құжаттарға сәйкес, Қазақстан президентінің қызы және Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева 2007 жылдан бері Британиялық Виргин аралдарындағы Asterry Holdings Ltd. компаниясына иелік етеді.
Дәл осы компания Қазақстандағы кондитерлік бизнестің бір бөлігіне иелік етеді, дейді журналистер. Бұған қатысты жолданған сауалдарға Назарбаева жауап берген жоқ.