318
Қырғызстанда "Google-ға салық салуды" ұсынды
Қырғызстанда "Google-ға салық салуды" ұсынды
"Республика – Ата Жұрт" фракциясының депутаты Руслан Казакбаев "Фейсбук", "Гугл" және "Инстаграм" секілді ірі IT компанияларға салық салуды ұсынды. Бұл ұсынысын ол парламент отырысында айтқан.
"2017 жылыдың 1-қаңтарынан Ресей "Google-ге салық енгізді. Бұл заң электрондық формамен қызмет көрсететін шетел компанияларына қосымша құн салығын салуды қарастырады. Көптеген фирмалар өз тауарлары мен қызметін "Фейсбуке", "Гугле", "Твиттере" және "Инстаграмдаә жарнамалап, оған қаражат жұмсайды. мысалы, әрбір университет ай сайын Интернеттегі жарнамаға 500 доллар жұмсайды. Олай болса коммерциялық компаниялар қанша жұмсайтынын есептей беріңіз", - деді Казакбаев.
Депутат Ресей тәжірибесін Қырғызстанда қолданған жөн деп есептейді. Үш айдың ішінде Ресей бюджетіне 2 миллиард рубль түскен.
Ресейде Интернет арқылы софт және басқа да контент қолданатындар 18 пайзыдық қосымша құн салығын төлейді.
Халықаралық ірі интернет компанияларғ салық салу мәселесін алғаш рет Тәжікстан байланыс қызметінің басшыс Бег Зухуров ұсынған.