262
Астанада ет өңдейтін кешен мен кондитерлік фабрика іске қосылады
Астанада ет өңдейтін кешен мен кондитерлік фабрика іске қосылады
Жақын арада Астанада ет өңдейтін жоғары технологиялы кешен мен неміс технологиясымен жасалған кондитерлік фабрика іске қосылады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
GlobalSilkRoad Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері форумында астаналық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен «Ерейментау Ақбас» серіктестігі қол қойды.
Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 3600 тонна кондитерлік өнім мен 5000 тонна ет пен дайын өнім шығарады. Өндіріс 160 адамды жұмыс орнымен қамтымақ.
Оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі: астананы премиум-класс ет өнімдерімен қамтамасыз етеді, ҚР мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін белсенді ете түседі. Қазіргі таңда инвестициялық жоба жүзеге асырылатын жер учаскесі анықталды.