259
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 отбасы баспаналы болды
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 отбасы баспаналы болды
Атырау облысында Президенттің бес əлеуметтік бастамасы негізінде қолға алынған "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы 10 отбасы пəтер иесі атанды, деп хабарлайды Хабар 24.
Жалпы облыс бойынша шілде айынан бері 40 қа жуық өтініш түскен. Оның ішінде 10 адам әзірге пәтер алып үлгерді. Оған қоса банк тарапынан 17 өтініш бойынша оң шешім қабылданып, тағы 6 тұрғынның құжаттары қаржылық ұйым сарапшыларының қарауына жіберілді. Әзірге аталған бағдарлама бойынша ипотекалық неисе беруді екініші деңгейлі 7 банк жүзеге асыратын болады. Жеңілдетілген несие әр аймақтағы тұрғын үй нарығының бағасына сәйкес беріледі.
«Бұл бағдарламаның басты талаптарына келетін болсақ. ҚР азаматтығы болуы, атағында меншігінің болмауы, тұрақты табысының болуы сонымен қатар атағында ипотекалық несиенің болмауы бұл «7-20-25» бағдарламасының басты шарттары. Енді тағы да бір шарттарының бірі ол Қазақстанның үлкен қалалалары ол Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалалары үшін шекті сомасы 25 млн теңге болып белгіленіп отыр, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге көлемінде несие берілетін болады», - деді ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалы директорының орынбасары Серік Омаров.