Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты

Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты

Әлемдегі ең кедей президент зейнетақыдан бас тартты
ашық дереккөзі
939
Әлемдегі ең кедей президент деп танылған Уругвайдың экс-басшысы Хосе Мухика сенаторға тиесілі зейнетақыдан бас тартты, деп хабарлайды The Telegraph басылымы. Мухика 2010-2015 жылдары аралығында Уругвайдың президенті болған. Кейін мемлекетте Сенатқа сайланды. Тамыз айында ол қызмет мерзімінің 2020 жылға дейін жалғасатынына қарамастан, бұдан бас тартты. Экс-президент "ұзақ сапардан кейін" қатты шаршап қалғанын айтқан. Алайда сыншылар ол сенаторлықтан 2019 жылы тағы да президент сайлауына қатысу үшін кетіп отыр деп болжады. 83 жастағы Мухика 14 жыл қамауда болды. Ол қызметкерлер мен су құбыры жоқ Монтевидео аймағында тұрады. Президент кезінде сарайда тұрудан бас тартып, қазынасының көп бөлігін қайырымдылыққа берді. Мухика президент болып сайланғанда оның иелігінде тек 1987 жылғы Volkswagen Beetle көлігі болған еді.

Серіктес жаңалықтары