268
Анкара мен Ташкент тауар айналымын ұлғайтуға ниетті
Анкара мен Ташкент тауар айналымын ұлғайтуға ниетті
Түркия мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы соңғы уақытта рекордтық көрсеткішке жетті деп хабарлайды Anadolu агенттігі 20 тамызда Түркияның Ташкенттегі елшісі Ахмет Башар Шеннің сөздеріне сілтеме жасап. Жыл соңында бұл көрсеткіш екі млрд долларға жетеді деп күтеміз дейді Шен, деп хабарлайды centralasian.org.
Оның сөздерінше, келесі кезең мақсаты - екі ел арасындағы тауар айналымын бес млрд долларға жеткізу.
«Түркия мен Өзбекстан арасында осыған дейін түсінбеушілік болды. Бірақ бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяяев түрік кәсіпкерлерін өзбек экономикасына инвестиция құюға шақырып жатыр. Қазір түрік бизнесіне барлық жағдай жасалынып жатыр», – деді Шен.
Елші соңғы екі жылда екі ел басшылары бір-бірлерінің елінде ресми сапармен болып, кәсіпкерлермен кездесу өткізгенін атап өтті.
«Мұның бәрі экономикалық қарым-қатынасты жақсартып, Түркия мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының өсуіне әкелді», – дейді Шен.