369
Астанадағы бейнебақылау камераларының видеолары қанша уақыт сақталады
Астанадағы бейнебақылау камераларының видеолары қанша уақыт сақталады
Елордадағы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова қаладағы бейнебақылау камераларының видосы қанша уақыт сақталатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Видоархив 30 күн бойы сақталады. Өкінішке қарай, одан ұзақ уақыт сақтай алмаймыз, себебі олардың көлемі өте үлкен. Видео мәліметтердің жадысы өте көлемді болғандықтан, оларды ұзақ уақыт бойы сақтау қаржылық жағынан шығын келтіреді. Сондықтан заңнамаға сәйкес, мұрағатты 30 күнге дейін өшірмейміз», - деді Ж. Дубирова.
Оның сөзіне қарағанда, орталық штатында 160 адам жұмыс істейді. «Оның ішінде 60 оператор ауысыммен қызмет етеді. Түнде 8 адам, ал күндіз 22 оператор жұмысқа шығады. Бейнебақылауда да жалпы 60 адам тіркелген, яғни әр ауысымға 20 адамнан жұмысқа кіріседі», - деп нақтылады орталық жетекшісі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Ж. Дубирова Астанада шұғыл көмек қызметтерінің нөмірлерін біріктіру жоспарланып отырғанын мәлім етті.