Әлемде сұранысқа ие автокөлік анықталды

Әлемде сұранысқа ие автокөлік анықталды

Әлемде сұранысқа ие автокөлік анықталды
ашық дереккөзі
698
Сарапшылар әлемдегі ең сұранысқа ие автокөлікті атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. "Автостат" сараптамалық агенттігінің мәліметіне қарағанда 2018 жылдың алғашқы жартысындағы ең сұранысқа ие автокөлік - Toyota Corolla. Не бары алты айдың ішінде әлем бойынша аталған моделдің 611 мыңы салытыл үлгерген. Сарапшылардың айтуына қарағанда өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда сатылған машина санында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ал "өтімді" машиналардың екінші орнында - Ford F-Series тұр. Өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыз артық сатылған бұл автокөліктің жарты жылдың ішінде 537 мың данасы өтіп кеткен. Алғашқы үштікті халық арасында ең "экономикалық тиімді" саналатын Volkswagen Golf көлігі түйіндеп тұр. Алты айда 442 мың дана автокөлік сатылған бұл моделден. Ал алғашқы бестікке Honda Civic пен Toyota RAV4 тұрақтаған. Әрқайсысы 425 мың және 409 мыңнан сатылған темір тұлпарлардан байқайтынымыз сатып алушылардың барынша "экономикалық тиімді" автокөліктерге көңіл бөлгендігін көрінеді. Сонымен қатар сараптамалық агенттіктің болжамынша алғашқы ондықты - Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry и Chevrolet Silverado иеленіпті.

Серіктес жаңалықтары