Түрік лирасы қайта құнсызданды

Түрік лирасы қайта құнсызданды

Түрік лирасы қайта құнсызданды
ашық дереккөзі
842
Түрік лирасы қайта құнсызданды. Бұған S&P Global және Moody’s Түркияның ұзақ мерзімді рейтингісін төмендетуі және Анкарадағы АҚШ елшілігін атқылау түрткі болған, деп хабарлайды Хабар 24. Бірқатар мамандар лира бағамының құлдырауы елдің қаржылық тұрақтылығына қатер төндіргендіктен, экономикалық өсімнің қарқыны күрт тежелуі мүмкін деп санайды. Биыл түрік лирасы 38%-ға құнсызданған. «Түркиядағы инфляция ондаған пайызға жетті. Мемлекеттік қарыз 5-6%. Айтарлықтай көп болмағанмен шығын бар. Сондай-ақ президент экономиканы өсіру мақсатымен көптеген жобаны бастаған. Мұның өзі ысырап болды. Саяси жағдаймен қатар АҚШ және Германиямен арақатынастың бұзылғанын да ескеру керек», - деді  экономист Вики Прайс. Анкара үшін бір жақсы жаңалық болғаны жуырда Катар мен Түркияның орталық банктері өзара валюта айырбастау туралы екіжақты келісімге қол қойған. Жалпы Катар Түркия экономикасына 15 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары