388
Рохинджа тайпасы құрып кетуі мүмкін
Рохинджа тайпасы құрып кетуі мүмкін
Ракхайн аймағында 700 мыңнан астам рохинджалықтардың қуғынға ұшырауы тайпаның өсіп-өнуіне кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
ЮНИСЕФ мәліметі бойынша,жарты миллионнан астам Рохинджа балалары білім алудан біржола қол үзуі мүмкін. Бұл олардың болашағына балта шабылады деген сөз. ЮНИСЕФ-тің ресми өкілі Саймон Инграм Кокс балалар лагерінде 6 апта бойы олармен бірге күн кешкенен кейін осындай қорытынды жасады. Оның айтуынша, бұған жол бермес үшін тиісті шаралар қабылдануы керек. Агенттік Ракхайн аймағында азаматтығы жоқ рохинджалықтардың саны 600 мыңға жеткендігін айтады. Оның ішінде 360 мыңы балалар.