Қазақстан - көркем гимнастикадан Азиада чемпионы

Қазақстан - көркем гимнастикадан Азиада чемпионы

Қазақстан - көркем гимнастикадан Азиада чемпионы
ашық дереккөзі
659
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) көркем гимнастикадан командалық жарыста чемпион атанды. Күмісті Өзбекстан, қоланы Оңтүстік Корея алды, деп хабарлайды centralasian.org. Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орыннан 10-орынға көтерілді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилова Азия ойындарында жеңімпаз болған.​ 27 тамызда каратэден Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болған.  

Серіктес жаңалықтары