Лондонда су астында шахматтан чемпионат өтті

Лондонда су астында шахматтан чемпионат өтті

Лондонда су астында шахматтан чемпионат өтті
ашық дереккөзі
230
Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында суасты шахматынан біріншілік өтті, деп хабарлайды  Хабар 24. Ойын ережесі сол қалпы қалған, тек өтетін орны ғана өзгерді. Тақта мен шахматтар бассейн түбіне магниттердің көмегімен бекітілген. Қарсыластар аквалангтың көмегінсіз, оттек толы баллонсыз кезек-кезек суға түсіп ойнайды. Ең қызығы, оларға шахматты орнынан қозғап жүргізбейінше, судан шығуға болмайды. Қатысушылардың айтуынша, ойын қызық болғанымен, оңайға соқпаған. Жарыс төрт кезеңнен тұрады, әрбір матчтың ұзақтығы – 30-40 минут. Биылғы сайыста Райко Вуятович есімді Ұлыбритания азаматы қарсыластарын артта қалдырды. «Су астында өткізілген шахмат сайысында жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Өте қызықты өтті. Барлығы бұл жерге көңіл көтеру үшін келді деп ойлаймын», – деді жарыс жеңімпазы Райко Вуятович.

Серіктес жаңалықтары