«7-20-25» бағдарламасы аясындағы ең қымбат баспаналар Астанада

«7-20-25» бағдарламасы аясындағы ең қымбат баспаналар Астанада

«7-20-25» бағдарламасы аясындағы ең қымбат баспаналар Астанада
ашық дереккөзі
229
Астана тұрғындары «7-20-25» бағдарламасы аясында сатып алып жатқан баспананың орташа құны 15 270 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы баға. Сонымен бірге, Атырау қаласының тұрғындары Алматыға қарағанда қымбатырақ баспаналарды таңдап жатқаны анықталды. Атырау бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында таңдалған пәтердің орташа бағасы 13 480 000 теңге болса, алматылықтар шамамен 12 900 000 теңгелік пәтерлерді дұрыс көреді. Алайда, бағдарламаға қатысушылар саны жағынан алматылықтар алда келеді. Бағдарлама аясында тапсырыс берілген баспананың ең арзаны Қостанайда. Қостанайдағы үйдің орташа бағасы 7 400 000 теңгені құрайды. Арзан баспанасымен мақтана алатын өңірлердің қатарында Ақтау (баспананың орташа бағасы - 7 900 000 теңге) мен Ақмола облысы (баспананың орташа бағасы - 8 170 000 теңге) да бар. 25 тамыз күнгі мәлімет бойынша, 1803 азамат «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 21,3 млрд. теңге сомасына тапсырыс берген. Оның ішінен 14 млрд. теңге сомасына 1190 азаматтың өтініші мақұлданды. Қазіргі таңда, «7-20-25» бағдарламасы аясында Центркредит банкі, АТФБанк, ЦеснаБанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк халыққа несие беруде.

Серіктес жаңалықтары