Ақтөбеде жол ақысы қымбаттайды

Ақтөбеде жол ақысы қымбаттайды

Ақтөбеде жол ақысы қымбаттайды
ашық дереккөзі
281
Ақтөбе қалалық мәслихат бүгін жаңа тарифті бекітті. Бұған дейін жол жүру ақысы 55 теңге болса, енді 80 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Хабар 24. Зейнеткерлерге, Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға жеңілдік жасалды. Олар 60 теңгемен жүреді. Тариф бекітілмес бұрын қалада қоғамдық тыңдаулар өтті. Жолаушылар тасымалымен айналысатын 2 кәсіпорын жол жүру бағасын 200 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Алайда, жергілікті депутаттар бұл ұсынысты қабылдамай, тарифті 80 теңге қылды. Тасымалдаушы кәсіпорындар 1 ай ішінде барлық автобусқа JPS қондырғысын орнатулары тиіс. Одан бөлек, жыл соңына дейін электронды билет жүйесін енгізу міндеттелді. Қалада 52 бағыт бойынша 340 автобус жолаушылар тасымалдайды.

Серіктес жаңалықтары