180
Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің 4-ші сессиясын ашты
Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің 4-ші сессиясын ашты
Бүгін 6-шы сайланған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясы ашылды. Сассияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«6-шы сайланған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бірлескен отырысқа ҚР Премьер-Министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті әкімшілігің басшысы, ҚР Жоғарғы Соты, Үкімет мүшелері, Сенаттың 47 депутатының 45-і, Мәжілістің 107 депутатының 106-сы, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар жетекшілері қатысып отыр. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы сөз сөйлеуде.